7 - Шәууал, 1445 жыл.
     16 - Сәуір, 2024 жыл.   

Құран Кәрім Дәрет - Ғұсыл Сауда-саттық
Пайғамбарымыз Әдеп-ахлақ Иман және Ислам
Намаз Хайз Халал - Харам
Өзге діндер Ғибратты оқиғалар Неке және отбасы
Мазһаб және Мазһабсыздық Ораза Қасиетті уақыттар (күндер-түндер)
Сүннет - Бидғат Зекет - Ұшыр - Садақа Қажетті дұғалар
Адасқан ағымдар Қажылық Ислам ғұламалары
Сұхбаттар Құрбандық Басқа да тақырыптар

Сайтқа жазылу: Сайтқа енгiзiлген жаңа мақалаларды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде құттықтау хаттарды сайтымызға тіркелгендерге де жіберіп тұрамыз.Сайтқа тіркелу үшін жазуды басыңыз.

Жұма сұхбаты:

Жүректер Жаратқанды ұмытса...

Бүкіл жамандықтардың басы – жүректің Раббысын ұмытуы. Ахирет күні харамның азабы болғанындай, халалдың да есебі болады. Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) «Ихия-ул Улум» кітабында осы тақырыпта мына хикаяны баяндайды:

Бір адам Иса алейһиссаламмен дос болғысы келеді. Ұлы пайғамбар оның көңілін қалдырмай, өзімен бірге ертіп, екеуі бірге жолға шығады. Біраз жол жүрген соң судың қасына тоқтайды. Оларда үш нан бар еді. Екі нанды жейді. Иса алейһиссалам су ішіп келуге барып, қайтып келгенінде үшінші нанның жоқ екенін байқап сұрайды:

- Нан қайда?

- Білмеймін, - деген жауап алады.

Хазреті Иса пайғамбар досымен жолды жалғастырады. Біраз жол жүрген соң әбден қарындары ашады. Сол кезде екі киікті көріп қалады...

Жалғасын оқу»


Сұрап үйренген ғалым:

Мәһір деген не?

Сұрақ: Мәһір деген не? Дінімізде мәһірдің маңызы қандай?

Жауап: Мәһір – ер адамның үйленгенде қызға беруі керек болған алтын, мал-мүлік немесе бір пайда. Мәһірдің алтын болуы шарт емес. Кез келген мүлік (үй, ғимарат, бау, көлік, фабрика) немесе бір пайда болуы да мүмкін. Жесір әйелге үйленген адам да мәһір береді.

Мәһір айтылмай қиылған неке де сахих (дұрыс) болады. Бірақ үйленгеннен кейін ер адамның жұбайына «Мәһри мисл» беруі қажет.

Қыз немесе әйел некелескен кезде «Менің некем мәһірсіз болсын» дей алмайды. Бір мәһірді келісуі керек. Ол мәһір әйелдің хақы болғаннан кейін, оны алмай тұрып күйеуіне сыйлап, мәһірді кешіп жіберуіне болады. Осылай істеуі үлкен сауап.

Әйел «Мәһірімді сыйладым» дегеннен кейін «Сыйламадым, қайтар» деп айтуы өтпейді, сыйға тартқанын кері қайтаруды талап ете алмайды...

Жалғасын оқу»