16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Татуировка жасату

Татуировка жасату

Сұрақ: Татуировка жасату күнә ма?

Жауап: Иә, күнә.

 

Сұрақ: Өшпейтін татуировка жасатқан адамның не істеуі керек? Дәрет немесе ғұсылға зияны бар ма?

Жауап: Татуировка жасатудың жаиз емес екені хадис шәрифпен білдірілді. Жасатып қойған адамның тәубе етуі және енді жасатпауы керек. Татуировка терінің үстінде бір қабат пайда қылмай, терінің астынан жасалатындықтан ғұсыл мен дәретке кедергі болмайды. Терінің үстіне жасалған болса да, оңайлықпен өшіру мүмкіндігі жоқ болса, сонда да дәрет пен ғұсылға кедергі болмайды.

 

Сұрақ: Бір жолдасым: «Татуировка жасатудың күнә екендігі айтылып жатады. Мен Құран аудармасын оқыдым, бірақ мұндай ештеңе көрмедім» дейді. Татуировка жасату күнә емес пе?

Жауап: Иә, күнә. Барлық нәрсені Құранның ішінен табу қиын. Сахих Мүслимде былай білдірілген:

Ибн Мәсуд хазреттері «Татуировка жасаған және жасатқан, парик таққан және таққызғандарға лағнет болсын» мағынасындағы хадис шәрифті риуаят еткен кезде Умму Яқуб есімді бір қарт әйел қарсы шығып: «Мен Құранды толығымен оқыдым, бірақ мұндай бір лағнет жоқ» деді. Ибн Мәсуд хазреттері «Зейін салып оқығаныңда міндетті түрде көретін едің» деп мына мағынадағы аяти кариманы оқыды:

«Расулуллаһтың сендерге бергендерін алыңдар, тыйым салғандарынан сақтаныңдар!» (Хашр 7)

 

Сұрақ: Татуировка жасатудың жаиз емес екенін білдіретін хадис бар ма?

Жауап: Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Қастарын жұқартқан және татуировка жасатқан адам лағнеттелген.» (Әбу Дауд)