11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Аллаһ қолы ашық адамды жақсы көреді

Аллаһ қолы ашық адамды жақсы көреді

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Біздің дініміз жақсылық жасау, мейірімділіктің діні. Құран кәрімде «Міндетті түрде Аллаһ жақсылық жасағандарға жәрдем етеді, айналасына көмектескен, қолын берген адамдарды жақсы көреді» делінген. Қолы ашық, барын беретін жомарт адамға Аллаһ та береді. Ашық қолды болу, беруші болу – жақсы қасиет, жақсы мінез. Адамдар көбіне сараң болады, ешнәрсесін бергісі келмейді. Осы себептен дерттен құтыла алмайды, өйткені тұрып қалған су сасиды, микроп қайнарына айналады.

Сүйікті пайғамбарымыз Мәдинаға хижрет еткен кезде «Ей сахабаларым, екі заты бар адам бірін берсін, екі үйі бар болған адам бірін берсін, екі құрмасы бар болған кісі бірін берсін, бір құрмасы бар болған адам жартысын бөліп берсін!» деді. Не себептен пайғамбарымыз беруге осыншалықты ынталандыруда? Себебі, бір күні жанымызды береміз. Адам өмірде беруге үйренбесе, ең құнды болмысы болған жанын қалай береді? Өлім азабын ең қатты шегетіндер, ең қиын жан беретін мүминдер – өмірде беруге дағдыланбаған адамдар. Қазірден бастап өзімізді үйретуіміз керек. Уақытымызды, мүмкіндіктерімізді Аллаһ жолына берейік, кедейлерге садақа берейік. Осылай істесек ұтамыз. Жәрдем беруден бас тартпайық, жәрдем беруге деген ынтамызды баспайық, жәрдемге мұқтаж болған достарымызға көмектесейік. Өйткені садақа беру пәлекеттің алдын алады. Одан бөлек пайғамбарымыз «Ауруларыңды садақа беру арқылы емдеңдер!» деген. Тамақтандырайық, киім, ақша берейік, күлімдеген жүз сыйлайық, көңілін сұрайық, жәрдемдесейік.

Ертең тым кеш болып кетеді. Бүгін қолымызда тұр, нағыз уақыты – осы сәт. Ертеңгі күнді ойлау, ертеңгі күнге қалдыру онсыз да пәлекеттің басы. Қолымызда қандай кепілдік бар? Бәлкім өміріміздің соңғы күнін сүріп жатқан шығармыз, бәлкім соңғы намазымызды оқып жатырмыз, бәлкім соңғы рет тыныс алып жатырмыз. Хаким Юнус Әмрә айтады:

Мал иесі, мүлік иесі, қайда мұның өз егесі?

Мал да жалған, мүлік те жалған, барып біраз сен де алдан.

Ислам әлемінің басына төнген бұлттар, пәлекеттер бекер емес. Құран кәрімнің ең басында «Инфақ етіңдер!», яғни «Беріңдер!» делінген. Адам баласы сараң, өзімшіл (эгоист) болып келеді. Бүкіл әлем құдды өзінің мүлкі сияқты, барлық нәрсеге толықтай иемденудей ақымақ пікірде жүр. Алайда мүлік Аллаһтікі. Біздің денеміз де біздікі емес, мүлік біздікі болу былай тұрсын. Әр күні мыңдаған адамдар өлуде. Олардың мал-мүлкі, идеалдары, абыройы қайда қалды? Бәрі бітті, қиялға айналды. Ал енді олар қандай адам болса, біз де сондай адам емеспіз бе? Әлде біз адамбыз, олар адам емес пе? «Бергенің сенің мүлкің, алып пайдаланғаның емес» хадис шәрифін де ойлап, қолымыздағылардың бізде қалуы үшін қайырымдылыққа жұмсауымыз қажет.