8 - Шәууал, 1445 жыл.
     17 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Көздің саулығы үшін

Көздің саулығы үшін

Сұрақ: Көз ауруына қарсы қолданған дәрілерімнің пайдасы тимеді. Көздің саулығы үшін қандай кеңестеріңіз бар?

Жауап: Барлық дәрі бәріне бірдей әсер етпейді. Басқа дәрігерге де барып, қолданылған дәрілерді көрсетіп, басқа дәрілерді де байқап көргеніңіз жақсы болады. Өйткені хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала барлық аурулардың дәрісін, емін жаратқан. Тек өлімнің ғана шарасы жоқ.» (Табарани)

Аспанға, теңізге және жасыл түске қарау адамды тынықтырады. Жасыл түске қараудың көзге нұр беретіндігі, көзді қуаттандыратындығы, теңізге қараудың ғибадат екендігі, пайғамбарымыздың ағын суға және жасыл түске қарауды ұнатқандығы хадис шәрифтерде білдірілген. (Әбу Науйм)

Тағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Үш нәрсе көзге нұр береді: жасыл түске, ағын суға және сұлу жүзге қарау.» (Хаким)

«Сүрме жағу, жасыл түске және сұлу жүзге қарау көзді қуаттандырады.» (И.Суюти)

«Түшкірген кезде Әлхамдулиллаһ деген адам көз ауруын көрмейді.» (Табарани)

Қарауы халал болған адамдарға қарау пайдалы. Әйтпесе, бөтен әйелдерге қарау көзді әлсіретеді, көңілді қарайтады.

Көз ауруына қарсы, Құран кәрімді оқи алмайтын адамның да мусхафқа (Құран кәрім кітабына) қарап отыруы өте пайдалы. Сүйікті пайғамбарымыздың көзі ауырғанда Жәбірейіл алейһиссалам «Құран кәрімге қара!» деді. (Шира)

Хазреті Әбу Бәкір Сыддық азан оқылып жатқанда, расулуллаһтың есімін естіген кезде, екі бас бармағының тырнағын сүйіп, көздерін сүртеді. Пайғамбарымыз себебін сұрағанда «Ей Расулаллаһ, сенің есіміңмен берекеттену үшін» деді. Расулуллаһ алейһиссалам «Дұрыс істедің, бұлай істеген адам көз ауруын тартпайды» деп бұйырды. Тырнақтарды көзге қойғанда «Аллаһуммәғфаз айнаййә уә нәууирхума» деу керек. (Шәйһзада)