9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Бала асырап алу

Бала асырап алу

Сұрақ: Мен дүниеге перзент әкелмеген әйелмін. Бала асырап алғым келеді. Қалай істесем болады?

Жауап: Асырап алынған бала өскен кезде ұл бала болса сізге, қыз бала болса күйеуіңізге бөтен болады. Ал бөтен адаммен бірге қалу жаиз емес. Осы тұрғыдан бала асырап алатын кезде бауырларыңыздан бірінің баласын немесе күйеуіңіздің бауырларынан бірінің қызын алатын болсаңыз, ешқандай мәселе қалмайды.

Немесе асырап алынған ұл сәби әпке-сіңіллеріңіздің бірін немесе бауырларыңыздан бірінің әйелін еметін болса, сіздің жиеніңіз болатындықтан, сізге бөтен болмайды.

Қыз бала асырап алғанда да күйеуіңіздің әпке-қарындастарының бірін немесе бауырларының әйелдерінен бірін еметін болса, күйеуіңіздің жиені болатындықтан, оған да бөтен болмайды.

 

Сұрақ: Асырап алынған балаға мирас қалдырылады ма?

Жауап: Асырап алынған бала діни тұрғыдан мирасқор бола алмайды. Бірақ тірі кезіңізде мал-мүлкіңіздің бір бөлігін немесе толығын оған сыйлық ретінде беруіңіздің ешқандай зияны жоқ.

Мал-мүлік алу ниетімен асыранды бала болу дұрыс емес. Сау кезде асыранды балаға мал-мүлік беру жаиз (рұқсат).

 

Сұрақ: Асырап алынған балаға «Балам» немесе «Қызым» деп айту жаиз ба?

Жауап: «Бұл менің туған балам» немесе «Бұл менің туған қызым» деп айту харам болады. Бірақ шақырған кезде немесе олар жайлы айтып жатқанда «Балам», «Қызым» деп айтудың зияны жоқ.

Асыранды балаға «Біз сенің өз ата-анаң боламыз» деп айту күнә болады. Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ асыранды балаларыңды туған балаларың ретінде танымады.» (Ахзаб 4)

Хадис шәрифте де былай делінеді:

«Әкесі жоқ екенін біле тұра, әдейі біреуді "Бұл кісі менің туған әкем" деп айтқан адамға жәннат харам болады.» (Бұхари)

 

Сұрақ: Өз қызын немесе баласын біреуге асыранды бала ретінде берген кезде, сол баланың ақысы сенен кетеді ме? Әлде жалғаса береді ме?

Жауап: Ақысы кетпейді, жалғасады. Яғни баланың ақысын өтеуге міндетті болады.

 

Сұрақ: Ахиретте ол бала ата-анасынан хақ талап етеді ме?

Жауап: Әлбетте, жаман бір адамға берген болса, «Неге намаз оқымайтын, ішкілік ішетін адамға бердің?» деп сұрай алады.

Баланы біреуге асыранды бала ретінде беретін кезде мұсылман отбасына және дінді үйрететін адамға беру керек. Қалаған кезде кері қайтарып алуға болады. Балаға жақсы тәрбие беріп жатқанын тексеріп тұру керек. Баланы берумен олардың перзенті болып қалмайды. Мирастарын алу ақысына діни тұрғыдан ие болмайды. Ұл бала болса, үйдің әйеліне бөтен болады, балиғат жасына толған кезде ол үйде қала алмайды. Қыз болса, үйдің еркегіне бөтен болады. Балиғатқа толғанда ол үйде қала алмайды. Осы сияқты зияндары бар.

Сұрақ: Асыранды бала өз перзенті сияқты болады ма? Яғни оның жанында орамалсыз жүруге болады ма? Неке түседі ме?

Жауап: Бала асырап алудың діни тұрғыдан маңызы жоқ. Яғни ол бала бәрібір бөтен болып саналады. Неке де түседі, онымен үйленуге болады, оның жанында орамалсыз ашық жүруге болмайды.

 

Сұрақ: Заңды түрде тіркелген асыранды баламның атеист әкесі енді баланы қайтаруымды сұрап жатыр. Беруге мәжбүрмін бе?

Жауап: Жоқ, беруге мәжбүр емессіз. Оған қайтарып, баланың дінсіз жетілуіне себеп болмау керек.

 

Асыранды бала – бөтен

Сұрақ: Бір сектант жазушы: «Асыранды бала, оны асырап алған ерлі-зайыптыларға махрем болады» дейді. Асыранды бала бөтен емес пе?

Жауап: Әрине бөтен болып саналады. Асыранды баланы махрем және өз баласы ретінде білу надандық шағының әдеттерінен. Ислам діні бұл әдетті алып тастады. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Аллаһ асыранды балаларыңды өз перзенттерің қылмады.» (Ахзаб 4)