10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Сүйікті құл болу үшін

Сүйікті құл болу үшін

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бір адам Аллаһу та'аланың сүйікті құлы ма, әлде сүйікті құлы емес пе? Мұны білудің жолы – сүйікті пайғамбарымызға қаншалықты ұқсағанымызға қарау. Сүйікті құл болудың жолы – Оның мінезімен мінезделу, өйткені Аллаһу та'ала бәрінен қатты сүйікті пайғамбарымызды жақсы көреді. Бір хадис құдсиде былай делінеді:

«Ей, расулым! Ибрахимды өзіме халил (дос), ал сені хабиб (сүйікті) еттім. Сенен де сүйіктірек болатын басқа ештеңе жаратпадым. Менің алдымдағы сенің жоғары дәрежең білінсін деп дүниені және дүние адамдарын жараттым. Сен болмағаныңда әлемді жаратпас едім.»

Аллаһу та'аланың алдында Одан да жағымды, Одан да сүйікті болатын пенде жоқ. Одан разы екені нақты. Кімде-кім пайғамбарымызға ұқсаса, одан да, әлбетте, разы болады. Кімде-кім Оны жақсы көрсе, Оның сүннеттеріне жармасса, Оған ұқсауға тырысса, сол адамды да қатты жақсы көреді. Шынында Әһли сүннет ғалымдары «Мүтабә'ат сияқты ешқандай үстемдік жоқ» деген. Мүтабә'ат – сүйікті пайғамбарымыздың сүннетіне бағыну, яғни Оған мойынсұну, Оның мінезімен мінезделу деген сөз. Ал Оның мінезі қандай еді? Пайғамбарымыз мұны «Раббым мені тәрбиеледі» деп білдірген.

Расулуллаһ қайтыс болғаннан қаншама жылдар өткеннен кейін жастар, яғни пайғамбарымыздың соңғы замандарына жете алғандар немесе табииннен болғандар хазреті Айша анамызға келіп:

- Ей, анамыз, бізге Расулуллаһ алейһиссаламның мінезі жайында айтып бересіз бе? – деп сұрады. Сонда хазреті Айша анамыз:

- Оның мінезі – Құранға сай мінез еді, - деп жауап берген.

Құранға сай мінез деген не? Құран кәрімде Аллаһу та'ала не білдірген болса, не бұйырған болса, Расулуллаһ Құран кәрімнің кейіптелгендей, денеге айналғандай түрі сияқты еді. Оның барлық іс-әрекеті Құран кәрімге сай еді. Яғни Аллаһу та'аланың разылығына сай еді. Ешбір амалы, ешбір сөзі, ешбір әрекеті Аллаһу та'аланың разылығынан шықпайтын еді. Барлық нәрсесі Аллаһу та'аланың разылығына сай еді. Осы себептен пайғамбарымызға ұқсау – тікелей Аллаһу та'аланың сүйікті құлы болу деген сөз.

Әулиелер, шынайы Әһли сүннет ғалымдары сүйікті пайғамбарымызға ұқсайтындығы соншалық, Оның сүннетін ұстанатындығы соншалық, Оның дініне берілгендігі соншылық, оларға пайғамбарымызға ұқсаудан тыс қандай да бір әрекет жасау мүмкін болмайды. Олар сүйікті пайғамбарымызға жан-тәнімен берілгендей. Бұл жағдайға, онсыз да, тасаууфта «Фәна фиррасул», яғни Расулуллаһ алейһиссаламға жан-тәнімен берілу делінеді. Ол сияқты отыру, Ол сияқты сөйлесу, Ол сияқты жату, Ол сияқты тыңдау, Ол сияқты сөйлеу... Барлық жағдайы мен іс-әрекетінде толығымен, нұқсансыз пайғамбарымызға ұқсау... Кімде осы хал байқалса, сол адам Аллаһу та'аланың сүйікті құлы деген сөз. Өйткені пайғамбарымызға ұқсау арқылы Аллаһу та'ала разы болған мінезбен мінезделген болады. Міне, тек осындай адамған ғана сүйікті құл делінеді.