19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Әйелдердің ең үстемдері

Әйелдердің ең үстемдері

Сұрақ: Хазреті Рабия сияқты әулие әйелдер немесе хазреті Мәриәм сияқты Құранда мақталған әйелдер сахаба болған әйелдерден үстем бе?

Жауап: Ешбір әулие әйел Асхаби кирам арасындағы әйелдердің дәрежесіне шыға алмайды. Асхаби кирамның ең төменгі дәрежесіндегі бір сахаба, сахаба болмаған ең үлкен әулиеден үстемірек. Хазреті Мәриәмның жағдайы өзгеше. Оған пайғамбар деген ғалымдар да болған. Алдымен хадис шәрифтермен мақталған құрметті әйелдер жайында айтайық:

 

Айша Сыддықа:

Расулуллаһ алейһиссаламның ең сүйікті әйелі. Өте ақылды, зерек, ғалым, әдепті, намысты және салиха еді. Есте сақтау қабілеті өте қуатты болғандықтан, Асхаби кирам көптеген мәселелерді одан сұрап үйренетін еді. Некесі Аллаһу та'аланың әмірімен қиылған. Аяттармен де мақталған. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Еркектерден уәзірім – Зубәйр бин Аууам, ал әйелдерден – Айша.» (Дәйләми)

«Еркектер арасынан үстем болған көптеген адамдар бар. Бірақ әйелдерден перғауынның әйелі Асия, Имран қызы Мәриәм және Айшадан басқа үстем әйел жоқ. Айшаның басқа әйелдердің алдыңдағы үстемдігі тирид тағамының басқа тамақтардың алдындағы үстемдігі сияқты.» (Бұхари)

(Тирид – ең құнды ет тағамы.)

«Бәрінен қатты Айшаны жақсы көремін, еркектерден оның әкесін жақсы көремін.» (Бұхари, Ибн Мажа)

Расулуллаһ «Аллаһу та'ала мені өзінің нұрынан жаратты. Менің нұрымнан  Әбу Бәкірді, оның нұрынан Омар мен Айшаны жаратты. Омардың нұрынан мүмин еркектерді, Айшаның нұрынан мүмин әйелдерді жаратты» деп айтып, кейін Нұр сүресінің «Аллаһ бір адамға нұр бермесе, ол нұрлы бола алмайды» мағынасындағы 40-шы аятын оқыды. (Лубаб-ул-әлбаб)

Расулуллаһтың жұбайлары мен қыздары бүкіл әйелдерден үстем. Ибн Аббас «Расулуллаһтың жұбайларын жамандаған адамның тәубесі қабыл болмайды» деген. Айша анамызды жамандау Құран кәрімге қарсы шығу болып саналады, мұның күпір екендігіне сөз бірлігі бар. (Мират-и кайнат)

Хазреті Айша анамызға жала жабылғаннан біраз уақыттан кейін сүйікті пайғамбарымыз «Сүйінші саған, ей, Айша! Аллаһу та'ала сенің таза екеніңді айқындады» деп айтып, Нұр сүресінің 11-ші аятынан бастап он аят оқыды. (Мәдариж-ун-нубууә)

 

Фатима-туз-зәхра:

Расулуллаһ алейһиссаламның ең сүйікті қызы еді. Ақылы, зеректігі, сұлулығы, тақуалығы мол еді. Жүзі ақ және нұрлы болғандықтан «Зәхра» деп аталды. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Хадиша – өз заманындағы әйелдердің ең жақсысы. Мәриәм – өз заманындағы әйелдердің ең жақсысы. Фатима – өз заманындағы әйелдердің ең жақсысы.» (Табарани, Бәззар)

«Бір періште келді. Хасан мен Хусейннің жәннат жастарының сәйиді, Фатиманың да жәннат әйелдерінің сәйидасы екенін сүйіншіледі.» (И.Асакир)

«Фатима – Имран қызы Мәриәм, перғауынның әйелі Асия және Хууәйлид қызы Хадишадан кейін бүкіл әйелдердің сәйидасы.» (Ибн Әби Шәйба)

Хазреті Әли мен балалары Расулуллаһтың мүбәрәк қанынан болғандығынан, хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омардан үстемірек деп айтылуы мүмкін болса да, бұл үстемдіктері барлық тұрғыдан үстемдік деген мағынада емес. Хазреті Хызырдың (Қыдыр) хазреті Мұсаға бірнеше мәселе үйретуіне ұқсайды. Қан жағынан жақынырақ болған адам үстемірек болғанда, хазреті Аббас хазреті Әлиден үстемірек болар еді. Ал қан арқылы өте жақын болған Әбу Ләһәбта мүминдердің ең төменгісінің бойындағы қадір мен үстемдіктің ешбірі жоқ. Қан арқылы жақын болғандықтан, хазреті Фатима Расулуллаһтың жұбайларынан үстемірек. Бірақ, бұл тек бір тарапынан үстемдік, барлық тараптардан үстем болуды көрсетпейді.

 

Хадиша-тул-кубра:

Расулуллаһ алейһиссаламның алғашқы жұбайы. Өте бай, ғалым және ақылды еді. Бүкіл мал-мүлкін Расулуллаһқа сыйлады. 24 жыл бойы өте жақсы қызмет етті. Бір рет те ренжітпеді. Алғашқы иманға келген еркін әйел еді. Расулуллаһ алейһиссалам қайтыс болуына дейін әрдайым оны мақтап жүретін еді. Тіпті бір күні үйде мақтап жатқан кезде Айша анамыз шыдай алмай, «Хақ та'ала сізге одан да жақсысын берді» деді. «Жоқ, бәрі маған өтірікші деген күндерде ол маған сенді. Бәрі мені жәбірлеген кезде ол маған жар болды» деді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Жәннат әйелдерінің ең үстемі – Хууәйлид қызы Хадиша, Мұхаммед қызы Фатима, Имран қызы Мәриәм және Музахим қызы Асия.» (И.Ахмед, Табарани, Хаким)

 

Имран қызы Мәриәм:

Иса алейһиссаламның анасы. Дауд алейһиссаламның ұрпағынан болған Имран мен Хуннәнің қызы еді. Аллаһу та'ала оған әкесіз Иса алейһиссаламды берді. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Аллаһу та'ала мені жәннатта Имран қызы Мәриәм және Музахим қызы Асиямен некеледі.» (И.Сунни)

Құран кәрімде былай делінеді:

«Раббы Мәриәмға жылы шырай көрсетті, оны әдемі өсімдік сияқты жетілдірді. Зәкәрияны да оған қарауға міндеттеді. Зәкәрия оның жанында, ғибадатханаға әр кіргенінде сол жерде бір ризық табатын және "Ей, Мәриәм, бұл саған қайдан келеді?" деп сұрайды. Ол жауап ретінде "Бұл Аллаһ тарапынан келеді. Аллаһ қалағанына сансыз ризық береді" деді.» (Али-Имран, 37)

«Періштелер былай деді: Ей, Мәриәм! Аллаһ сені таңдаулы қылды, сені тап-таза жаратты және сені бүкіл дүние әйелдерінің бәрінен үстем қылды.» (Али-Имран, 42)

«Намысын қорғап қалған Мәриәмға рухымыздан үрледік, оны және баласын барша әлемге ғибрат қылдық» (Әнбия, 91)

«Имран қызы Мәриәм шын көңілімен бағынатындардан еді.» (Тахрим, 12)

Кейбір ғалымдар да хазреті Мәриәмнің бүкіл әйелдердің ең үстемі екенін білдірген. Бұл да бір тараптан үстемдік. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жәннат әйелдерінің сәйидалары, Имран қызы Мәриәмнан кейін, Фатима, Хадиша және перғауынның әйелі Асия.» (Табарани, Хаким)

«Фатима, Имран қызы Мәриәмнан басқа, жәннат әйелдерінің үстемі.» (Хаким)

 

Музахим қызы Асия:

Ең үстем әйелдердің бірі. Біра аяттың мағынасы мынадай:

«Аллаһ сенушілерге перғауынның әйелін (Асияны) мысал көрсетеді: Ол "Раббым, дәрежеңнен маған жәннатта бір үй жаса, мені перғауыннан және оның (жаман) істерінен қорға, мені залым халықтан құтқар" деген еді.» (Тахрим, 11)

Имам Раббани хареттері былай деген:

Әһли сүннет ғалымдары айтқан: Ілімде және ижтиһадта хазреті Айша, хазреті Фатимадан үстем. Ілімде және ижтиһадта хазреті Айша, ал тақуалық пен дүниеліктен үзілуде хазреті Фатима жоғарырақ. Осы себептен хазреті Фатимаға Бәтул, яғни таза деген. Хазреті Айша Асхаби кирамға Ислам дінін үйрететін еді. (2/67)

Расулуллаһ алейһиссаламның немерелерінен Сәйид Абдулқадир Гейлани хазреттері болса «Айша анамыз бүкіл әйелдерден үстем» деген. «Ғунийа)