19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Жер сілкінісі мен күнә байланысы

Жер сілкінісі мен күнә байланысы

Сұрақ: Жер сілкінісінің себебі қандай? Одан өлгендер шәһид пе? Жер сілкінісінен қашпаған адам өзіне қол жұмсаған болып саналады ма? Өлгендерді бәрін бірге көму жаиз ба?

Жауап: Көбіне жер сілкінісі – Аллаһтың ескертуі. Ғалымдар «Екі "З" әрпі көбейгенде үшінші "З" келеді» деген. Яғни Зұлымдық және Зина көбейген кезде Зілзала болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Зина жайылған кезде жер сілкінісі көбейеді.» (Дәйләми)

«Күнәлар ашықтан-ашық істеле бастағанда жақсы-жаман халықтың бәрі жалпылама азапқа душар болады.» (Табарани)

Жер сілкінісі – қиямет белгілерінен. Бұхаридағы хадис шәрифте «Жер сілкінісі көбеймегенше қиямет басталмайды» делінеді. Қияметтің нақты қашан басталатыны білдірілмеді.

Бірақ пайғамбарымыз алейһиссалам көптеген белгілерін хабар берді:

«Мәһди келеді, Иса аспаннан түседі, Дәжжал шығады. Яжуж Мәжуж барлық жерді қиратады. Күн батыстан туады. Үлкен зілзалалар болады. Діни білімдер ұмытылады. Жамандық көбейеді. Дінсіз, әдепсіз адамдар басшы болып, елге Аллаһу та'аланың әмірлерін орындатқызбайды. Харамдар барлық жерде істенілетін болады, Йеменнен бір от шығады. Аспан мен таулар бөлшектенеді. Күн мен ай қараяды. Теңіздер бір-бірімен араласады және қайнап, құрғап кетеді.»

 

Аллаһтың ескертуі

Адамдардың күнәдан бастартуы үшін Аллаһ тарапынан келген ескерту болған жер сілкінісінен ғибрат алу керек. Су тасқыны, жер сілкінісі, құрғақшылық сияқты Аллаһ тарапынан келген қиыншылықтардың көрініс табуы Аллаһу та'аланың шексіз ниғметтеріне, мейірім мен сияпатына қарсы шығушыларға ескерту ретінде беріледі. Ешбір ниғмет және пәлекет себепсіз берілмейді. Пайымдай алатындар үшін әр түрлі хикметтері бар. Күнәлардың кешірілуіне себеп болуы сияқты басқа да хикметтері бар.  Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Үмбетім үшін жер сілкіністері күнәларына кафарат (өтем) болады.» (Хаким)

«Аллаһу та'ала жер сілкіністерін жақсыларға үгіт, мүминдерге мейірім, ал кәпірлерге азап қылады.» (И.Асакир)

Ғалымдар «Қауіптерден шамаларың жеткенше сақтаныңдар. Өйткені төтеп бере алмайтын, шыдауға келмейтін нәрселерден ұзақтау – пайғамбарлардың әдеті» деген.

«Жабық жерде отырғанда жер сілкінісі болса, ол жерден ашық жерге қашу мүстаһаб.» (Бәззаззийа)

«Жер сілкінісі болған кезде үйден шығып, ашық жерге бару керек. Расулуллаһ алейһиссалам жолда қисық дуалдың алдынан жүгіріп өткен еді.» (Хиндийа)

Бұл пәтуалардан аңғарылып тұрғаны бойынша, жер сілкінісінен қашпаған адам өзіне қол жұмсаған болып саналмайды. Мүстаһабты тәрк еткен болып саналады. Жер сілкінісінен қашпайтын адам міндетті түрде өледі деген қағида жоқ. Жер сілкінісінен қайтыс болған адамның иманы бар болса, ол міндетті түрде шәһид болады.

Хадис шәрифте «Суда тұншығып, өртте жанып, қираған дуал астында қалып өлген адам – шәһид» делінген. (Ибн Асакир)

Зәрулік болмағанша бір қабірге екі адамды көмуге болмайды. Тек зәрулік қана харамдарды мубах қылады. Зәрулік туындағанда жалпылама көмуге болады.

 

Мудахана деген не?

Сұрақ: Жалпылама әділетсіздіктер көбейгенде, күнәлар көп істелгенде жер сілкінісі және басқа да бәле-жала пайда болады, олай болса осы әділетсіздікке және күнәларға тосқауыл болу керек емес пе?

Жауап: Шамасы жетсе де, харам істеп жатқан адамға тосқауыл болмау мудахана болады. Мудахана – дүниелікке қол жеткізу үшін дінді сату деген сөз.

Харам істеген адамды немесе оның жанында жүргендерді құрметтеу, яки дінге байлануда немқұрайлық таныту мудаханаға себеп болуда. Фитна болмаған, яғни дініне немесе дүниесіне немесе басқаларына зияны болмаған кезде харам және мәкрух істеп жатқан адамға кедергі болу керек. Кедергі болмау, үндемеу харам болады. Мудахана жасау – харамның істелуіне разы болуды аңғартады. Үндемеу – көп жерде жақсы қасиет. Бірақ хақты, қайырды айту керек болған жерде үндемей қалуға болмайды.

«Йа, Расулаллаһ! Өткен үмбеттердің бір бөлігіне жер сілкінісімен азап берілді. Олар жердің астында қалды. Олардың арасында салихтары да бар еді» деп айтылғанда, «Иә, салихтар да бірге құрыды. Өйткені олар Аллаһу та'алаға қарсы шығушыларға ештеңе айтпай үндемей қалған еді» деді. (Табарани)

Дүниедегі жер сілкіністердің бәрі – ескерту.

 

Сұрақ: Жер сілкінісінде немесе осыған ұқсас өлімдерде калима-и шаһадат айта алмай өлген адам шәһид болады ма?

Жауап: Иә, шәһид болады. Жедел өлім – мүминдер үшін мейірім.

 

Сұрақ: Жер сілкінісі сияқты себеппен мәдениеттер құлдырап, басынан басталған ба?

Жауап: Иә.

 

Аллаһу та'ала құлдарына зұлымдық жасамайды

Сұрақ: Бір атеист жазушы жер сілкінісінен өлген балаларды сілтеп, сенбейтін болса да, Аллаһу та'алаға тіл тигізуде, жер сілкінісінің әділетсіздік екенін айтуда. «Мейірімің осыншама болса, ала бер, сенікі болсын» дейді. Бұл наданға жауап бересіз бе?

Жауап: Әділет деген не? Әділеттің сөздік мағынасы – бір нәрсені орнына қою деген сөз. Әділет – бір басшының мемлекетті басқару үшін қойылған заңнаманың шегінен шықпай әрекет етуі деген сөз. Ал зұлымдық дегеніміз – осы заңнаманың сыртына шығу деген сөз. Барлық нәрсені жоқтан жаратқан Аллаһу та'ала – басшылардың басшысы, бүкіл болмыстың негізгі иесі және жалғыз жаратушысы. Оны бір заңның ішінде ұстап тұратындай басында ешқандай басшысы жоқ қой. Осы тұрғыдан «Аллаһ жасаған мына іс – әділетсіздік» деп айтуға болмайды.

Әділеттің басқа бір түсіндірмесі – өз мүлкінде болғанды қолдану деген сөз. Ал зұлымдық – өзгенің мүлкіне қол созу деген сөз. Бүкіл әлем және ішіндегі барлық нәрсенің жаратушысы – Аллаһу та'ала болғанына, Одан басқа жаратушы болмағанына және ешкім ештеңеге ие болмағанына қарағанда, Раббымыз жасаған істер ешкімнің мал-мүлкіне қол созу болып саналмайды. Оның істеріне «Әділетсіздік» деуге болмайды. Мүлік – Оныңкі, қалағанындай қолданады. Ешкімнің ештеңе талап етуге ақысы жоқ.

Жер сілкінісі кесірінен біреулер өлуі, біреулер сал қалуы, біреулер кедей болып қалуы мүмкін. Мүмин Аллаһу та'аланың тағдырына разы болады. Разы болмаса, кедейлескенде аз деп қарсы шығады. Бай болса, тоймайды, тағы сұрайды. Тапқанын харамдарға жұмсайды. Ондай адамның бай болуы да, кедей болуы да дүние мен ахиретте пәлекетке түсуіне себеп болады.

Соқырлық, ақсақтық және басқа да ақаулардың пайдалы немесе зиянды болуы адамдарға қарай өзгереді. Біреулер Аллаһу та'аланың тағдырына разы болғандығынан шексіз болған жәннат ниғметтеріне қауышады, біреулер разы болмағандығынан мәңгі болған тозақтағы жазаға ұшырауы мүмкін. Адам өзіне денсаулықтағы ақаудың пайдалы немесе зиянды екенін біле алмайды. Кейбір адамдар автокөліктің ең соңғы моделін алуды армандайды. Автокөлік сатып алып, бала-шағасымен жол апатына ұшырауы мүмкін. Әсем үй алуды армандайды. Үйді алып, жер сілкінісінде бала-шағасымен бірге астында қалып, өлуі мүмкін. Сондықтан, нақты бір нәрсені емес, қайырлы болғанын сұрау керек!

Баланың ақаумен туылуында оның күнәсі жоқ. Егер бұл жерде ата-анасының айыбы бар болса, күнәсі оларға тиесілі. Көзі көрмейтін адам егер соқыр болмағанда еді, жаман істердің соңынан жүгіріп, дүниесі мен ахиретін құртып алуы мүмкін еді. Ал біреулер соқыр болғаны үшін қарсы шығып, Жаратушының тағдырына разы болмайды және мәңгі пәлекетке түсуіне себеп болады. Соқыр болған мұсылман адам жәннатқа кіреді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Соқыр адам сабыр етсе, Аллаһу та'ала оған жәннатты береді.» (Бұхари)

Тек көзі жоқ адам ғана емес, денесінде басқа ақаулары бар адам да сабыр етсе, өлгенде қабірде және махшар алаңында қиындық көрместен жәннатқа кіреді. Ал жәннатта ешқандай ақау болмайды. Имансыз болған адамның, дені сау болса да, ақаумен болса да, орны мәңгі болған тозақ.

Жер сілкінісінен келген пәлекеттерде де, басқа қиыншылықтарда да айыпты өзімізден іздеуіміз керек. Өйткені Құран кәрімде былай делінеді:

«Сендерге келген қиындық өз қолдарыңмен істегендерің (күнәларың) кесірінен.» (Шура 30)

«Саған келген әр жақсылық Аллаһу та'аланың (ихсаны, ниғметі болып) келуде, әр жамандық та (істеген күнәларыңа қайтарым ретінде) өзіңнен келуде. (Бәрін жаратқан, жіберген тек Аллаһу та'ала.)» (Ниса 79)

Дәрежелердің жоғарылауы сияқты себептерден басқа айыпсыз ешкімге бәле-жала келмейді. Әркім өз жазасын тартады.

Бәле-жаланың айыпты-айыпсыз әркімге келуінің де себептері бар. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Бір жамандықтың (қолдан келгенше) алдын алмаса, Аллаһу та'ала азабын сол қауымның бәріне жалпылама береді.» (Хаким)

 

Күнә-жер сілкінісі байланысы

Сұрақ: Бір жазушы жазбасында «Ешбір молда ішкілік, пайыз, зина мен жер сілкінісі арасында тікелей байланыс құра алмайды» дейді. Осы жайында мәлімет бересіз бе?

Жауап: Бір молданың күнә мен жер сілкінісінің арасында байланыс құруының немесе құра алмауының ешқандай маңызы жоқ. Маңызды болғаны – бұл жөнінде дініміздің үкімі қандай? Үкімді молдалар қоймайды.

Жер сілкінісі – геологиялық бір құбылыс. Бірақ барлық құбылыстың жаратушысы – Аллаһу та'ала. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Зина жайылған кезде жер сілкінісі мен фитналар көбейеді.» (Дәйләми)

«Зина мен пайыз кең тараған қауым Аллаһу та'аланың азабына лайықты болады.» (Хаким)

«Зекет берілмесе, жаңбыр жаумайтын болады.» (Бәйһақи)

Әділетсіздік пен зұлымдық жайылғанда да дәл осындай жағдайлар болатындығы хадис шәрифпен білдірілген. Төмендегі аяти каримада аталған жер сілкінісінің қияметке жақын екендігін білдірген ғалымдар бар:

«Ол күннің жер сілкінісі – өте үлкен нәрсе. Ол күні әйелдер емізулі балаларын ұмытады. Жүкті әйелдер балаларын түсіріп алады. Адамдар мас сияқты боп қалады. Олар мас емес. Бірақ Аллаһу та'аланың азабы өте ауыр.» (Хаж 1-2)

Жер сілкінісін жасайтын Аллаһу та'ала болғанындай, бір баланы жарататын да Аллаһу та'ала. Бірақ ата-анасы болмай бала бермейді. Баланың жаратылуына ата-анасын себеп қылады. Ата-анасыз да жарата алатын еді. Бірақ Оның әдеті – барлық нәрсені себептермен жарату. Ата-анасыз жарату – әдеттен тыс. Хазреті Адамды әдетінен тыс жаратты. Оны да топырақтан жаратқан. Бәле-жаланы жіберетін де Аллаһу та'ала.

Пәлекет көбіне жалпылама келеді. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Күнәлар ашық түрде істелгенде халықтың жақсы-жаман бәрі жалпылама азапқа душар болады.» (Табарани)

«Бұрыңғы халықтардың бір бөлігіне жер сілкінісімен азап берілді. Жақсылар да құрыды. Өйткені олар күнә істеп жатқандарға үндемеді, алдын алмады.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала бір періштеге бір аймақты құртуын әмір етеді. Ол періште бұл аймақта мүлдем күнә істемейтін бір адамның бар екенін айтқан кезде Хақ та'ала: "Аймақтағы халықпен бірген оны да құрт! Өйткені ол адам күнә істегендерге қарсы болмады" деді.» (Бәйһақи)

Пайғамбарымыздан «Арасында жақсылары да бар болған бір мемлекет құлайды ма?» деп сұралды. Жауап ретінде «Иә, күнә істелген кезде жақсылар үндемей отырса, бәрі құриды» деді. (Бәззар)

Дәрежелердің жоғарылауы сияқты себептерден басқа айыпсыз ешкімге бәле-жала келмейді. Құл есіргенде бәле-жаланы шақырып алады. Бірақ Аллаһу та'ала мұны тағдырда жазбаған болса, бәле-жала келмейді.

 

Сұрақ: Әр жер сілкінісінің міндетті түрде адамдардың күнәларымен байланысы бар ма?

Жауап: Жоқ. Күнә істелмесе де жер сілкінісі орын алған аймақтар болады. Көбіне жер сілкінісі – Аллаһу та'аланың ескертуі.