18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Азық-түліктерде ықтиятты болу

Азық-түліктерде ықтиятты болу

Сұрақ: Күнде әр түрлі пікірлер шығып жатады. Ел аузында  «Кейбір фирмалардың табыстары еврейлерге кетеді, бұлардың өнімдерін қолдану харам болады» дейтіндер, «колада тышқанның өлісі қолданылады» дейтіндер кездесіп жатыр. Кейінірек колаға қоңыздан алынатын бір заттың қолданылатындығы айтылды. Ал қазір тағамдардың құрамында шошқаның майынан алынған бір заттың бар екендігі айтылып жүр. Бұларды ішіп-жеу шынымен де харам ба?

Жауап: Дінімізде мұсылман болмағандармен сауда-саттық жасауға тыйым салынбаған. Пайғамбарымыз алейһиссалам да олармен сауда жасасқан.

Кәпірлер мұсылмандардан тапқан табыстарымен мұсылмандарға қарсы зиянды әрекеттер жасауы мүмкін. Ислам дініне қайшы карикатуралар салуы мүмкін. Тіпті мұсылмандарды өлтіруі де мүмкін. Осыған қарап, олардың өнімдерін қолдану, сатып алу харам деп айтуға болмайды.

Бүгін қайда болса да, желінетін немесе қолданылатын әрбір өнімнің мұсылман болмаған адамдардың компанияларына қатысы бар. Шикізаты немесе бір бөлшегі олардан алынған, яки сол жақта шығарылған болады. Бұларға мән берілетін болса, қайда болса да, барлық нәрсеге харам делінген болады. Мұндай өсек-әңгімелерге мән бермеу керек.

Ислам ғалымдары мұсылмандарды қиыншылыққа түсіруді де фитнаға қосқан. Яғни мұсылмандарды күмәнға, әурешілікке түсіру, мазасын алып, тыныштығын бұзу да фитна болады.

Дініміз азық-түліктердің таза ма, нәжіс пе екендігін зерттеп табудың қажет емес екендігін білдіруде. Имам Раббани хазреттері былай деген:

"Кәпірлердің ішімдіктері мен тағамдарынан сақтану ықтияттылық емес, бұл жағдайдан құтылу ықтияттылық болып табылады." (3/22)

Тіпті тазалықта мұқиятты болуға да тыйым салынған. 99 пайыз болса да, нақты 100 пайызға сенімді болмағанша, жейтін азықтарымызда нәжістің бар екендігін мәлімдеу үлкен қателік. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Бір заман келеді, адамдар тазалықта шамадан артық мұқият болып әрекет етеді, (уәсуәсаға түсіп) дінде шектен шығады.» (Әбу Дауд)