10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Нәпілдер парыздардың орнына өтпейді

Нәпілдер парыздардың орнына өтпейді

Сұрақ: Бір молда «Фиқһ кітаптарында духа, тахийатул мәсжид, әууабин, тәсбих намаздары сияқты нәпіл намаздарды оқу қаза намазын оқудан абзал екендігі жазылғандықтан, қаза намазын оқығаннан гөрі осы нәпілдерді оқу керек» деді. Мен нәпіл намаздарын оқымай қаза намаздарын оқып жүрмін. Қате істеп жүрмін бе?

Жауап: Дұрыс істеп жүрсіз. Нәпілдер ешқашан парыздың орнына өтпейді. Бір адам парыздарды, уәжіптерді оқыса, бірақ өмірінде мүлдем нәпіл оқымаса, нәпіл оқымағаны үшін сұраққа тартылмайды.

Маңыздырақ болғанын орындау үшін сүннет тәрк етіледі. Мысалы, таңертең мешітке келген адам, егер имам тәшәһудте болса, сүннетті оқымастан имамға ұяды. Одан кейін де сүннетті оқымайды.

«Жамағатпен намаз оқылып жатқанда сүннетті оқи бастау мәкрух. Мәкрух істемеу үшін тіпті таң намазының сүннеті де тәрк етіледі.» (Имдад-ул фәттах)

«Уақыт аз қалғанда алғашқы сүннетті оқу парыздың қазаға қалуына себеп болса, бұл сүннетті оқу харам болады.» (Хадиқа)

«Бір әкім міндетін атқару үшін таң намазынан басқа намаздардың сүннеттерін тәрк ете алады.» (Мүлтәқа)

«Әкімнің міндеті фарзи айн емес болса да, сүннеттерді тәрк ету үшін үзір болып саналған болса, жиналған қазаларды өтеу фарзи айн болып, жазасы да өте ауыр бола тұра, бұларды өтеу әлбетте үзір болады. Дәретте мүшелерді үш рет жуу муәккәд сүннет болып табылады. Су қымбат болса, күн суық болса, осындай бір үзірмен бұл сүннетті тәру ету, яғни бір рет жуу жаиз (рұқсат) болады.» (Рәддул мухтар)

 

Сұрақ: Кейбір адамдар «Нәпілдер парыздың орнына өтеді. Осы себептен күндіз намаз оқымай, түнде нәпіл оқып жүрміз» дейді. Ондай нәрсе бар ма?

Жауап: Нәпіл парыздың орнына өтпейді. Имам Раббани хазреттері «Нәпіл парыздың жанында теңіз бен тамшы сияқты да емес» деген.

Нәпіл парыздың орнына өткенде еді, садақа, қайырымдылық жасаушылардың бергендері зекет орнына саналып, бөлек зекет беруге қажеттілік қалмас еді.

Нәпіл парыздың орнына өткенде еді, нәпіл қажылық, умра жасаушылардың жасағандары қажылық парызының орнына қабыл етіліп, бөлек қажылық парызына қажеттілік қалмас еді.

Нәпіл парыздың орнына өткенде еді, нәпіл ораза ұстаушылардың ұстаған оразалары парыз болған Рамазан оразасының орнына қабыл етіліп, бөлек Рамазан айында ораза ұстауға қажеттілік қалмас еді.

Нәпіл парыздың орнына өткенде еді, уақыттары мен шарттары белгіленіп, бес уақыт намаз парыз болмай, парызды уақытылы оқымау, яғни қазаға қалдыру үлкен күнә болмас еді. Намазды қазаға қалдыру харам болып табылады, қазасын өтемегенше парыздың қарызынан құтыла алмайды. Бір парыз намазды уақыты шыққаннан кейін оқу арқылы, яғни қазасын өтеу арқылы қазаға қалдыру күнәсі кешірілмейді. Бөлек тәубе ету де қажет.

Хадис шәрифте: «Бір намазды біліп, үзірсіз оқымаған адам сексен хуқба (бір хуқба – сексен жыл) тозақта қалады» делінеді. Бұл үлкен күнәлардан құтыла алу үшін намаздардың бір сәтке болса да ертерек қазасын өтеу керек. (Тәрғиб-ус-салат)

Ибн Нужәйм хазреттері былай деген:

«Парыз намаздардың уақытында кейінге қалдыру үлкен күнә болып, тек тәубе ету арқылы ғана кешіріледі. Тәубе еткенде оқылмаған намаздардың қазасын өтеу керек. Қазасын өтеуге мүмкіндігі бар бола тұра қазасын оқымаса, тағы бөлек бір күнә істеген болады.» (Кәбаир уә сәғаир)

Мүслимдегі бір хадис шәрифте: «Парыздардан кейін ең құнды намаз – түңгі (тәһәжжуд) намаз» делінеді. Бір адам өмірінде мүлдем тәһәжжуд намазын оқымаса, ахиретте ешқандай жаза шекпейді. Өйткені бұл нәпіл. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай: «Парыз намазынан қарызы бар болған адамның нәпіл намазы қабыл болмайды.» (Дуррәт-ул фахира, Футух-ул-ғаиб, Захира-и Фиқһ)

Осы сияқты, өмірінде мүлдем садақа бермеген, мүлдем қайырымдылық жасамаған, мүлдем умраға, нәпіл қажылыққа бармаған, мүлдем нәпіл ораза ұстамаған адамға жаза білдірілмеді. Парыздардың орнына өткенде еді, әрі жазасы білдірілетін еді, әрі парыздарды орындауға қажеттілік қалмас еді.

 

Намаз кафараты

Сұрақ: Рамазан айының соңғы жұма намазынан кейін төрт рәкат кафарат намазы оқылса, бүкіл қаза қарызының кешірілетіндігі айтылады. Бұл дұрыс па?

Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Бұл намаз тек намаздарды уақытылы оқымау және кешіктіру күнәлары үшін жасалатын тәубенің қабыл болуына себепші болады.

«Кафарат намазы және қасиетті уақыттарда жасалатын басқа да ғибадаттар қаза етілген парыз намаздардың қазаға қалдыру және қазасын кешіктіру күнәларының кешірілуі мақсатында жасалған тәубенің қабыл болуы үшін. Әйтпесе намаздардың қазасын өтемегенше кешірілмейді. Шынында, ораза кафараты да ораза қарызын өтемейді, қанша күн қарыз болса, сонша күн оразаның қазасын өтеу де керек.» (С.Әбәдийа)

Бұл төрт рәкатты намаздың әр рәкатында бір Фатиха, бір Аят-әл курси және он рет Кәусар сүресі оқылады. «Қазаға қалған және қазасы кешіктірілген намаздарымның күнәларының кешірілуі үшін кафарат намазын оқуға» деп ниет етіледі. Жұма намазынан кейін екінді намазына дейін оқылады.

Дәл екіндінің сүннеті сияқты оқылады. Одан жалғыз айырмашылығы, әр рәкаттың қиямында Фатихадан кейін бір Аят-әл курси мен он рет Кәусар сүрелері оқылады. Қалғандары дәл солай. Аят-әл курсиден және Кәусардан бұрын Бисмиллаһ айту қажет емес, оқылса да зияны болмайды.

 

Теңізде бір тамшыға ұмтылу!

Сұрақ: Бір адам қаза намазын оқымай, өмір бойы тәһәжжуд, сәске және әууабин сияқты сүннет болған нәпіл намаздарын оқыса, қаза намазы қарызынан құтылған болады ма?

Жауап: Түбегейлі құтылған болмайды. Имам Раббани хазреттері былай деген:

Парыздардың жанында нәпілдің ешқандай құны жоқ. Теңіздің жанында тамшыдай да емес. (1/260)

Өмір бойы оқыған бүкіл нәпілдер бір парыз намаздың сауабына жете алмайды. Ислам ғалымдары: «Парыз қазасы бар болған адамның нәпілдермен әуре болуы – ақымақтық» деген. Бір парызды уақытында орындаудың сауабы мен қазасын өтеу арқылы алынған сауаптың арасында таулардай айырмашылық бар. Мысалы, бір адам Рамазан айында парыз болған бір оразаны ұстамай, кейіннен қазасын тұтса, тіпті өмір бойы нәпіл ораза ұстаса, сол бір күннің сауабына қауыша алмайды. Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Рамазанда бір күн ораза ұстамаған адам оның орнына бүкіл жыл бойы ораза ұстаса, Рамазандағы сол бір күннің сауабына қауыша алмайды.» (Тирмизи)

Бұл хадис шәриф парыздарды уақытында орындаудың маңызын айқын көрсетіп тұр. Қазасын өтеу арқылы да бұл сауапқа қауышу мүмкін емес екендігін білдіріп тұр. Әсіресе қазасын өтемей, нәпілдермен әуре болу өте үлкен ақымақтық. (Футух-ул-ғаиб, Бәй уә шира рисаласы)

«Сүннеттердің де нәпіл үкімінде екендігі бүкіл фиқһ кітаптарында ашық жазылған.» (Халеби)

 

Нәпілдер парыз орнына өтпейді

Сұрақ: Бір адам өзіне парыз немесе уәжіп болған бір ғибадатты орындамай және қазасын да өтемей, нәпілін орындаса, мысалы нәпіл қажылыққа барса, зекет қарызындай садақа берсе, нәпіл құрбандық шалса, нәпіл намаз оқыса, парыз немесе уәжіп қарызын өтеген болады ма?

Жауап: Ешбір нәпіл ғибадат парыз немесе уәжіп орнына өтпейді. Мың рет нәпіл қажылыққа барса, нәпілге ниет етсе, парыз орнына өтпейді.

Жүз мыңдап садақа берсе, парыз болған бір теңге зекеттің орнына өтпейді.

Мыңдаған құрбандық шалынса, бір уәжіп құрбандықтың орнына өтпейді.

Мыңдаған рәкат нәпіл намаз оқылса, екі рәкат парыз қарызын өтемейді.

«Сүйікті пайғамбарымыз «Парыздан қарызы бар болған адамның  нәпілдері қабыл болмайды» деген.» (Футух-ул-ғаиб, 48)

«Имам Раббани хазреттері «Парыздың жанында нәпіл, теңіздегі бір тамшы сияқты да бола алмайды» деген.» (Мәктубат-и Раббани, 1/29, 260)

«Хазреті Әбу Бәкір «Мойнында парыздан қарызы бар болған адамның осы ғибадаттарын өтеместен жасаған нәпіл ғибадаттары қабыл болмайды» деген.» (Китаб-ул-Хараж)

«Қаза намазынан қарызы бар кезде нәпіл оқу – ақымақтық.» (Бәй уә шира рисаласы)

Парыздан қарызы бар бола тұра нәпілмен әуре болудың немесе бұл қатені қорғаудың қаншалықты үлкен ғапілдік екендігі осы дәлелдерден де аңғарылуда.