19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Нәпісті ең көп семіртетін күнә

Нәпісті ең көп семіртетін күнә

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Адамның ішіндегі және сыртындағы дұшпандардың жалғыз мақсаты – оны кәпір қылу. Бұл дұшпандар, өздері кәпір болғандықтан, басқаларды да кәпір қылуға тырысады. Шынында, құмарпаз адам айналасындағылардың да құмарпаз болуын қалайды. Есірткі қолданатын адам өзгелердің де есірткі қолдануын қалайды. Бұл – ауру.

Іштегі дұшпан, яғни нәпіс көлік ретінде қолданылатын ат сияқты адамға қажет. Өйткені тамақтану, ішіп-жеу, үйлену – бәрі нәпіс арқылы орындалады. Бірақ ат сияқты болған нәпістің жемі көбірек берілсе, игере алмайтын жағдайға келеді. Нәпістің ризығы – харамдар. Хараммен азықтанған кезінде істемейтін жамандығы қалмайды.

Нәпісті ең көп семіртетін күнә – құл (кісі) ақысы. Өйткені барлық күнәлар тәубемен кешіріледі. Бірақ құл ақысы тек тәубе етумен кешірілмейді, халалдасу (кешірімін, разылығын алу) да шарт.

Хазреті Омарға, ол да пенде болғандықтан, бір тірлік үшін ақша қажет болады. Сад бин Әбу Уаққас хазреттеріне барып қарыз сұрайды. Ол: «Йа, Әмирәл мүминин, бәйт-ул-мал (үкімет қазынасы) қолыңда, барып сол жақтан қалағаныңша қарыз ал да, кейін өте! Неге бұлай келіп, басқалардан қарыз сұрап жүрсің?» дейді. Осыған орай хазреті Омар айтады:

«Ал өліп қалсам ше? Сен менің досымсың. Сенімен келісе аламыз. Керек болса, балаларым өтейді. Сен бір адамсың, ақыңды маған халал етіп, кешіп жіберуің мүмкін. Бірақ мен бәйт-ул-малдан (қазынадан) ақша алып, өлетін болсам, менің бала-шағам кіммен халалдасады? Бәйт-ул-малда жүз мыңдаған адамның ақысы бар. Олардың бәрін жеке-жеке тауып, «Әкемдегі қарыздарыңды кешіріңдер» деп айтуы мүмкін емес қой. Мен қолымды отқа қалайша созамын?»

Сондықтан, дінімізге қызмет үшін қолданылатын ақшаға отқа жақындағандай жақындау керек. Өйткені бұл мүлік – бізге берілген аманат. Аманат болған мүлік адамның өз мүлкінен әлдеқайда маңызды, оған өте мұқият қарау керек.

Харамнан қаншалықты көп сақтансақ, соншалықты Аллаһу та'аланың жәрдеміне қауышамыз. Тақуаның, яғни харамдардан сақтанатын бір адамның бір уақыт намазы харамдарға мән бермейтін адамның мың жылдық намазынан әлдеқайда құндырақ. Себебі Аллаһу та'ала тақуаларды жақсы көреді.

Мүмин алушы емес, беруші болу керек. Алудың жауапкершілігі бар. Ал қайырымды істерге ақша жұмсаудың жауапкершілігі жоқ. Имам Ағзам хазреттері «Ысырапта қайыр жоқ. Қайырда да ысырап жоқ» деген. Қайырымдылық істеріне жақсы ниеттермен қаншалықты көп берілсе, соншалықты көп сауапқа қол жеткізіледі.