19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жүректің қараюы

Жүректің қараюы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Адамды Аллаһу та'аладан алыстататын перделердің ең зияндысы – жүректің қараюы, ауру болуы, яғни жүрекке дүниеге деген сүйіспеншіліктің орнығуы. Бұл сүйіспеншілік жаман достардан және қажетсіз нәрселер оқудан, көруден пайда болады. Көп күш салып бұларды жүректен шығару керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Сендердің күпірге, ширкке түсетіндеріңнен қорқпаймын, дүниеге беріліп кетулеріңнен қорқамын» деген.

Пайдасыз кітап, газет, журнал, роман және хикая оқу, қажетсіз тақырыптарда сөйлесу осы сүйіспеншілікті арттырады. Музыка, ән тыңдау, әдепсіз суреттер мен көріністерді тамашалау осы сүйіспеншілікті жүрекке орнықтырады. Бұлардың бәрі адамды Аллаһу та'аладан алыстатады. Жүректің (көңілдің) ауру болуы – Аллаһу та'аланы ұмытуы. Аллаһу та'алаға қауышуды қалағандардың бұлардан сақтануы, нәпісті қуаттандыратын, құтыртатын барлық нәрседен сақтануы қажет. Аллаһу та'аланың әдеті сондай, жүректі тазалауға және нәпісті қорлауға тырыспайтындарға, зауықтарын, шәһуеттерін тастамағандарға жамандықты доғару ниғметін нәсіп етпейді. Жүрек (көңіл) – махаббат орны. Махаббат, яғни Аллаһқа деген сүйіспеншілік болмаған жүрек өлген болып саналады. Жүректе не дүниеге деген сүйіспеншілік, не Аллаһқа деген махаббат болады. Бұл жердегі дүние дегеніміз – харам болған нәрселер деген сөз. Жүректен дүниеге деген сүйіспеншілік шығарылған кезде жүрек таза болады. Бұл таза жүрекке Аллаһқа деген сүйіспеншілік өздігінен толады. Күнә істегенде жүрек қараяды, ауру болады. Дүниеге деген сүйіспеншілік орнығып, Аллаһқа деген махаббат кетеді.

Тәубе – өкіну және күнәні доғару деген сөз. Жасалған күнәға тәубе етпеу сол күнәні істеуден де жаман.

Жас кезінде Аллаһқа бет бұрған, намазын оқыған мұсылман соншалықты қадірлі, Силсиле-и Алийа әулиелерінен Шах-и Нақшибәнд хазреттері сияқты ғалым «Раббымның разылығына қол жеткізу үшін сол жас жігіттің аяғында бір қыл болсам, маған сол жеткілікті» деген. Шах-и Нақшибәнд хазреттерінен бір күні адамдар сұраған екен:

- Мырзам, Аллаһқа жеткізетін дәрежелер көп, мысалы жүз дәреже болса, сіз қайбірін таңдар едіңіз?

- Біріншісі, махаббат, сүйіспеншілік дәрежесін таңдар едім, өйткені сүйіспеншілік бүкіл қиыншылықтарды, кір нәрселерді жойып жібермесе де, жауып тұрады. Сүйіспеншілік сүйікті адамның көптеген кемшіліктерін кешкізеді. Осы тұрғыдан махаббат дәрежесін таңдар едім. Раббымыздың разылығына қауышу үшін басқа тағы бір дәреже бар. Ол жас кезде Аллаһу та'алаға тәубе еткен бір жас жігіттің аяғында бір қыл болуды қалар едім. Жас кезінде Аллаһқа бет бұрған, нәпісінің зиянынан қорғанған бір баланың аяғында бір қыл болу мен үшін үлкен абырой, үлкен ниғмет.