18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   


Рух пен дене

Сұрақ: Араф сүресінің 172-ші аятындағы «Қалу бәла» тәуил етіліп, рухтардың денелерден бұрын жаратылғандығы айтылуда. Дұрысы қалай?

Жауап: Имам Ғазали хазреттері былай деген:

Адам алейһиссалам жаратылып, белі сипалған кезде түйіршіктер күйінде нәсілі шықты. Бір бөлігі оң жағына, бір бөлігі сол жағына қойылды. Аллаһу та'ала айтты:

- Міне, осы оң жақтағылар, жәннаттықтардың амалын жасайтындықтан, жәннаттық болғандар. Олардың амалдарынан маған ешқандай пайда мен зиян жоқ. Мына сол жақтағылар, тозақтықтардың амалын жасайтындықтан, тозақтық болғандар. Олардан да маған ешқандай пайда мен зиян жоқ.

Адам алейһиссалам сұрады:

- Йа, Раббым! Тозақтықтардың амалдары қандай?

- Маған серік қосу және жіберген пайғамбарларыма сенбеу, олар арқылы жіберген кітаптарымдағы әмірлер мен тыйымдарды ұстанбай, маған қарсы шығу.

Адам алейһиссалам дұға етті:

- Йа, Раббым! Оларды өздеріне куә қыл! Тозақтықтардың амалын істемейді деп үміт етіледі.

Аллаһу та'ала нәпістерін куә қылып, «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деп сұрады. Бәрі «Иә, біз куәміз, Раббымызсың» деді. Аллаһу та'ала періштелерді және Адам алейһиссаламды да куә қылды, олар Аллаһу та'аланың Раб екенін растады және қабылдады. Осы келісімнен кейін оларды қайтадан бұрынғы мекендеріне жіберді, өйткені олардың өмірлері тек рухани өмір еді. Денелік өмір емес еді. Аллаһу та'ала оларды Адам алейһиссаламның беліне орналастырды. Рухтарын ұстап алып, Арштың қазыналарынан біріне сақтап қойды. Анасының жатырында баланың денесі жетілгенде ол әлі өлі болады. Аллаһу та'ала жатырда өлі болған осы балаға рух беруді қалаған кезде Аршта сақталып тұрған рухты денеге қайтарады. Бала сол кезде әрекет ете бастайды. Аллаһу та'аланың рухтарға «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деп сұраған мисақтан (келісімнен) кейінгі өлім, яғни рухтың Арштың қазыналарына жіберілуі – бірінші өлім және қазіргі анасының ішіндегі өмір – екінші өмір.