19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Әмри маруфтың үш негізгі шарты

Әмри маруфтың үш негізгі шарты

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әмри бил маруф (діннің әмірлерін орындауды, жақсылық жасауды үгіттеу), нәһи әнил мункәр (күнәлардан, жамандықтардан тыйылуды насихаттау) жасау әрбір мұсылманға парыз. Яғни әр мүмин адамдарға бір нәрсе үйретуге немесе бір нәрсе үйренуіне себеп болуға мәжбүр, алайда әркім әмри маруф және нәһи әнил мункәр жасай алмайды. Мұны жасауы үшін үш негізгі шарт қажет. Бұл үш шарт нұқсан болса, пайдалы бола алмайды.

1) Білімді болу. Білім де үшке бөлінеді. Әрі фиқһ ілімін, әрі тасаууф ілімін, әрі пән ілімдерін білу керек. Ілімсіз әмри маруф болмайды.

2) Әділ болу. Жасаған істерінде, қызметтерінде әділет ең маңызды нәрсе болу керек. Әділет деген не? Шопан мен сұлтан бірдей ақыларға ие. Әкесі болса, атасы болса, баласы болса, қызы болса, ерекше қараған сәтте, ерекше мәміле жасаған кезде ол әділ болмайды.

3) Жақсы мінезді болу. Жақсы мінез деген не? Ешкімді ренжітпеу, айқайламау, ренжімеу, ашуланбау. Қандай қиын іс! Демек, жақсы мінезді болмаған адам әмри маруф жасай алмайды.

Бұлардың бірі нұқсан болса, қызмет те нұқсан болады. Олай болса, бұларды ең жақсы күйде тізген, жинақтаған, түсіндірген бір кітапты (мысалы, сайтымыздағы Ислам діні кітабын) біреуге береміз немесе берілуіне себеп боламыз. Осылайша әмри маруф жасау парызының сауабына қауышамыз. Әйтпесе фитнаға себеп боламыз. Фитна өте қауіпті, адам өлтіруден де үлкен күнә.

Әр адам бір арманының, бір қалауының соңынан жүгіруде... Ал қол жеткізгеннен кейін бұл тек өлімге дейін ғана жетеді. Өлгеннен кейін бұлардың ешбірі қабірге кірмейді. Бұлар оған дос болмайды. Бұлардың ешбірін оған бермейді. «Бұлар саған тиесілі емес» делінеді. Онда не істеу керек? Қабірімізге кіретіндерін таңдауымыз керек. Бұған не жатады? Аллаһу та'алаға ықыласпен ғибадат жасау жатады.

Аспан барлық жерде көк түсті. Әлемнің қай жеріне барсақ та, аспанның түсі бірдей көк. Әулиелерді жақсы көргендер, олардың жолында болғандар әлемнің қай жерінде болса да, осы жолда болғандықтан, ешбір жағдайда бөлек бола алмайды. Үндістанда, Дағыстанда, Америкада, Еуропада, барлық жерде болуы мүмкін. Бұл ара-қашықтық мүлдем маңызды емес, егер сүйіспешілік пен махаббат бар болса, ол әрдайым бірге.

Ақыр заманда ең үлкен қауіп – жан-жақты тыңдамау. Имам Раббани хазреттері сияқты Әһли сүннет ғалымдарының құнды кітаптарына қауышқандар қазынаға қол жеткізді деген сөз. Бұл қазына оларға қияметке дейін жетеді. Бірақ ол қазына сөреде, витринада тұру үшін қажет емес. Дәрі сөреде қанша уақыт тұрса да, адам ауру болса, өледі. Ол дәріні қолдану керек.