18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   


Абдулхалиқ Ғиждувани

Абдулхалиқ Ғиждувани хазреттері Силсилә-и алийаның тоғызыншысы. Әкесі Абдулжәмил Малатьялық еді. Хызыр алейһиссалам әкесіне «Ей, Абдулжәмил! Сенің бір ұл балаң болады, есімін Абдулхалиқ деп қоярсын» деді.

Абдулжәмил кейінірек Бұхараның Ғиждуван ауылына орналасты. Көп уақыт өтпей ұл баласы туылды. Есімін Абдулхалиқ деп қойды. Абдулхалиқ бес жасына толғанда ілім үйрену үшін Бұхараға жіберілді. Үлкен ғалым Қажы Садрәддин хазреттерінен Құран кәрім және тәфсирін үйрене бастады. Бір күні оқып жатқанында «Раббыларыңа жасырын дұға етіңдер!» деген мағынадағы аятқа келгенде ұстазына «Бұл жасырын сөзінің мақсаты не? Егер зікір мен дұға ашық түрде дауыстап тілмен оқылса, рия қаупі бар. Егер жүрекпен жасалса, тамырларда айналып жүрген шайтан естиді. Онда не істейміз?» деп сұрады. Ұстазы Садрәддин хазреттері осы жастағы баланың осындай сұрақ қойғанына қайран болып, «Бұл мәселе – көңіл ілімдерінің тақырыбы. Иншаллаһ, саған осы ілімдерді үйрете алатын бір ұстазға қауышасың. Осылайша бұл мәселе шешілген болады» деді. Сөйтіп ол сондай кісіні күте бастады. Бір күні Хызыр алейһиссалам қасына келді. Оған Аллаһу та'аланы жасырын және ашық түрде еске алудың жолдарын үйретіп: «Көңіліңнен Лә илаһа иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ калима-и таййбасын былай айт!» деп түсіндірді.

Юсуф Хамадани хазреттері Бұхараға келгенде Абдулхалиқ Ғиждувани оның қызметіне кірді және осы қызметте біраз уақыт қалды. Мұны былай айтып берген:

12 жасымда едім. Хызыр алейһиссалам маған Юсуф Хамаданиден ілім үйренуіме кеңес берді. Оның Бұхараға келгенін естіп, дереу жанына бардым. Одан көп пайда көрдім.

Дәріс беріп жатқанда бір жас жігіт ішке кірді. Біраздан соң сөз сұрап «Мүминнің парасатынан қорқыңдар. Өйткені ол Аллаһтың нұрымен қарайды» хадис шәрифінің сыры не деп сұрады. Жасқа ашумен қарап, «Әуелі беліңдегі зүннәрді кес және мұсылман бол» деді. Жас жігіт сасып «Мен мұсылманмын, зүннәрім жоқ» деді. Сол кезде бір шәкіртіне жігіттің шапанын шешуге белгі берді. Шәкірт сол жігіттің үстіндегі шапанын шешкенде беліндегі христиандардың діни белгісі болған зүннәр деп аталатын жіп белбеу байқалды. Жігіт масқара болды. Ұстазға сүйіспеншілік сезіне бастады. Осылайша әулиенің Аллаһу та'аланың нұрымен қарағанының не екенін жақсы түсінді. Калима-и шаһадат айтып, мұсылман болу абыройына қауышты. Кейін ұстаз шәкірттеріне «Бұл жігіт заттық зүннәрді кесті, біз жүректегі зүннәрін кесейік. Ол – тәкәппарлық пен мақтаныш» деді.

Бір күні біреу келді. «Соңғы демде иманмен кету үшін бізге дұға етіңіз!» деді. Қонаққа «Парыздарды орындағаннан кейін дұға етушінің дұғасы қабыл болады. Сен парыздарды орындағаннан кейін дұға еткенде бізді еске алсаң, біз де сені еске аламыз. Бұл жағдай әрі сен үшін, әрі біз үшін жасалған дұғаның қабыл болуына себеп болады» дейді.

Сефевидтер Ғиждуван қамалын қоршауға алғанда өздеріне шабуылдаған әскерлердің басында айбатты бір кісіні қолында екі ауызды қылышпен шабуылдағанын көрді. Көп зиян беріп қашып кетті. Ұстаздың қайтыс болуынан бұрын айтқан төмендегі сөздері оның 332 жыл кейін көрінген кереметі еді.

 

Досқа құтты, дұшпанға бәле боламын,

Соғыста темірдей, ал бейбітте шамдаймын,

Нұр қайнарының басы – Ғиждуван тұрағымыз

Соғыста екі ауызды қылышпенен ұрамын.