10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Құрбандық / Құрбандық шалу кімдерге уәжіп

Құрбандық шалу кімдерге уәжіп

Сұрақ: Құрбандық шалу кімдерге уәжіп болады?

Жауап: Мұны бірнеше бөлім түрінде білдірейік:

1- Құрбандық деп қой, ешкі, сиыр немесе түйені құрбан айттың алғашқы үш күнінде құрбан ниетімен союды айтады. Құрбандық уәжіп міндетін орындап сауабқа қауышу үшін сойылады. Муқим (жергілікті) болған, ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған, еркін және мұсылман еркекпен әйелге қажеттілік заттарынан артық нисап мөлшеріндей (96 гр алтын) мал-мүлкі немесе ақшасы бар болса құрбан айт үшін ниет етіп белгілі күндерде белгілі малдарды союлары уәжіп болады.

Діннің үкімі бойынша ерлі-зайыптылардың қайсысы бай болса (яғни нисаб мөлшеріндей ақшасы, мал-мүлкі бар болса) құрбандықты сол сояды, екеуі де бай болса екеуі де сояды, екеуі де кедей болса екеуі де соймайды. Кедей құрбандық шалуға міндетті емес бірақ соятын болса өте сауапты болады.

Құрбандық дүниеде уәжіп мідетін орындау үшін және ахиретте сауабына қауышу үшін сойылады. Әкесі баласы үшін, баланың малынан құрбандық союы керек емес. Ақыл-есі дұрыс емес, жынды, алжыған адамдар да бала үкіміне жатады. Яғни құрбандық соймайды. Ересек баласы үшін немесе әйелі үшін олардың рұқсатынсыз құрбандық союға болмайды.

2- Муқим, ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманның қажеттілігінен артық нисаб мөлшеріндей мал-мүлкі немесе ақшасы бар болса құрбандық союлары уәжіп болады. Құрбандықтың уәжіп болуы үшін айттың үшінші күніндегі жағдайға қаралады. Яғни айттың бірінші және екінші күні бай-кедей, муқим-сафари, ақылды-жынды, есінен танған-есін жиған болуына қаралмайды. Айттың үшінші күні нисаб мөлшеріндей ақшасы, мал-мүлкі бар болса және басқа шарттарына да сай болса құрбандық союы уәжіп болады.

Демек айттың екінші күні әлі балиғат шағына жетпей үшінші күні жеткен адамға, айттың алғашқы күндері кедей болып үшінші күні байыған адамға, айттың алғашқы күндері сафари болып үшінші күні муқим болған адамға басқа шарттар да сай болса құрбандық союы уәжіп болады.

3- Айттың алғашқы күні комада болып үшінші күні есін жиған адам басқа да шарттарға сай болса құрбандық шалуы уәжіп болады. Айттың екінші күні есінен танып үшінші күні күн батқаннан кейін есін жиған бай адамның құрбандық шалуы уәжіп болмайды.

4- Кедей адам айттың бірінші немесе екінші күні құрбандық сойса және айттың үшінші күні байыса тағы бір құрбандық союы керек болады. Өйткені біріншісін мойнына уәжіп болмаған кезде сойған еді. Бірақ Бәззазийа секілді сенімді кітаптарда және кейінгі ғалымдар “кедей адам айттың бірінші күні құрбандық шалса, үшінші күні бай болса қайтадан құрбандық союы керек емес” деп білдірген.

5- Үшінші күні де бай болатынын білетін адам бірінші күні құрбандық шалуына болады.

6- Бай кісі айттың бірінші және екінші күні құрбандық соймай өлсе құрбандық қарызымен өлген болмайды.

7- Құрбан айттың үшінші күні кедей болатынын немесе сапарға шығатынын білетін адамның бірінші күні құрбандық союуы уәжіп болмайды. Сойған жағдайда уәжіп етіп орындаған болады.

8- Муқим кезінде айттың бірінші және екінші күні сапарға шыққан адамның құрбандық шалуы уәжіп болмайды. Сапарға шығудан алдын сойған болса уәжіп сауабын алады. Соймаған болса сапарға шыққаны үшін уәжіп борышы мойнынан түскен болады.

9- Муқим болған бай адам сапардағы бір уәкілге құрбандығын сойдырса уәжіп сауабын алады.

10- Тұтқын кезінде айттың үшінші күні бостандыққа шыққан адамның басқа шарттары да толық болса құрбандық шалуы уәжіп болады. Еркін кезінде айттың үшінші күні тұтқындалып күн батқанға дейін тұтқын болып қалған адамның құрбандық шалуы уәжіп болмайды.

11- Бақшасынан алған өнімі бақшаның, үйінің, дүкенінің (ателье, жүк машинасының) бір жылдық жалгерлік ақысын (арендасын) (қаншалықты көп болса да) және бір жылдық үйінің қажеттілігін немесе айлық табысы айлық қажеттілігін және қарыздарын қамтамасыз ете алмаған адам имам Мұхаммедтің үкімі бойынша кедей деп саналады. Фәтуада осылай білдірілген. Имам Ағзам және Имам Әбу Юсуфтың үкімі бойынша бай деп саналады. Өзінің мүлкі болған бақшаның және мал-мүлктерінің құны қажеттілігін қамтамасыз етіп нисап мөлшеріне де жететін болса ол адамның жалгерлік ақысын әр алған кезінде бір бөлігін ажыратып жинап пітір беруі және құрбандық шалып үлкен сауапқа қауышуы керек. Мұндай адам пітір бермей құрбандық шалмаса Имам Мұхаммедтің үкімі бойынша күнәдан құтылады. Бақшасынан ешқандай өнім алмаған жалға да бере алмаған адам және қажеттілігнен артық мал-мүлкі болып ақшасы болмаған адам Имам Мұхаммедтің үкіміне сүйеніп пітір бермей құрбандық та шалмайды. Пітір беріп құрбандық сойса екінші ижтихад (үкім) бойынша пітір және құрбандық сауабына қауышады.

Алған жалгерлік ақысымен де тұрмысы қиын болған адам нисап мөлшеріне ие болса ақша жинап пітір беруі және құрбандық союы керек болады. Құрбандық етінің барлығын үйіне қалдырып, бірнеше ай етке кететін ақшаны үнемдеп жинап келер жылдың пітір және құрбандық ақшасы ретінде сақтап қоюы керек. Тұрмысы қиын болған көп адамдық жанұяның құрбандық етін үйіне қалдыруы мүстаһаб болып табылады.

 

Cұрақ: Балиғат жасы қай жастан басталады? 13 жасар балама құрбандық шалу керек пе?

Жауап: Қыздар 9 жасында, ал ерлер 12 жасында балиғатқа толады. Кейбіреулерде кешігуі де мүмкін. 15 жасқа толғанда да жыныстық жағынан толықпаса балиғатқа толды деп есептеледі.

Балиғатқа толған болса және 96 гр алтыны немесе оның құнына тең ақшасы бар болса құрбандық шалуы керек болады. Балиғатқа толмаған болса бай болса да құрбандық шалмайды.

 

Сұрақ: Анам бай бірақ (алжыған) есін білмейді. Құрбан союы керек пе?

Жауап: Есін біліп тұрған кезінде сойыңдар деп айтса соясыңдар. Есін білмесе керек емес.

 

Сұрақ: Зекеттің нисаб мөлшеріндей алтыны бар баланың құрбандығын әкесі соя ма?

Жауап: Балиғатқа толмаған балаға бай болса да құрбандық шалуы уәжіп болмайды. Әкесінің де бай баласы үшін құрбандық шалуы керек емес.

 

Сұрақ: “Илмихал ” кітабында «Құрбан айттың үшінші күні кедей болатынын немесе сапарға шығатынын білетін адамға бірінші күні құрбандық союы уәжіп болмайды. Үшінші күні бай болатынын білетін адамға айттың бірінші күні фәжр уақытында уәжіп болады» делінген. Одан кейін «Айттың бірінші күні бай немесе кедей, муқим немесе сафари болуына қаралмайды» делінген. Бірінші сөйлемдегі «бірінші күні фәжр уақытында уәжіп болады» дегеннің мағынасы не?

Жауап: Соятын болса уәжіп сауабын алады дегенді білдіреді.

 

Сұрақ: Бай жанұяның кедей баласы үшін де құрбандық союы керек пе?

Жауап: Жоқ, бай болған адам сояды. Әке-шешесі бай болуы баланың құрбандық союын керек етпейді.

 

Бала үшін құрбандық шалу

Сұрақ: Германияда балаға 154 еуро “kindergeld” (пособие) беріледі. Мұнда кейбір жамағаттардың таратып жүрген брошюраларында балалар үшін құрбандық шалу уәжіп деп жазылыпты. Балалар үшін де құрбандық соямыз деп ақшасын жинап жүр. Баланың құрбандық шалуы уәжіп деп “Дурәр” кітабында жазылған дейді. Бұл айтқандары дұрыс па?

Жауап: Жоқ, дұрыс емес. Балиғат жасына толмаған бала бай болса да құрбандық шалуы керек емес. Имам Ағзам және Имам Әбу Юсуфтың үкімінде әкесінің бай баласы үшін баласының малынан алып құрбандық шалуы керек делінгенмен фәтуада Имам Мұхаммедтің қауылы білдірілген. Фәтуада берілген бұл қаулы бойынша әкесі бай баласы үшін өз малынан да баланың малынан да құрбандық шалуы керек емес. (Дурәр)

 

Кедейдің құрбандық малы өлсе

Сұрақ: Кедейдің сатып алған құрбандық малы арапа күні өлсе, оның орнына басқа мал алып союы керек пе?

Жауап: Кедей болғаны үшін керек емес.

 

Ақыл-есі дұрыс болса

Сұрақ: Дін үкімі бойынша бай саналатын “альцгеймер” науқасының құрбан айтта құрбандық союы керек пе?

Жауап: Фиқһ кітаптарында “айттың үшінші күнін есін білмей өткізген байдың құрбандық союы керек емес” делінген. Үшінші күні ақыл-есін білуі маңызды. Бірінші күні есін білсе және құрбандық шалса үшінші күнін ес-түссіз өткізсе де уәжіп болады.

Алжыған адам да айттың үшінші күні ақыл-есін біліп тұрса “бүгін құрбан айт мен үшін құрбандық шалыңдар” десе құрбандық шалу керек болады. Айттың не екенін, құрбандықтың не екенін түсінбей, білмей тұрса құрбандық шалу керек болмайды. Құрбандық шалу бай және ақыл-есі дұрыс мұсылманға уәжіп болады.

 

Құрбандық союда үшінші күн

Сұрақ: Бір кедей құрбан айттың үшінші күні бай болса немесе бір бай үшінші күні кедей болса немесе өлсе құрбандық шалуы уәжіп бола ма?

Жауап: Кедейлік, байлық және өлім үшін уақыттың соңына қаралады. Айттың бірінші, екінші күндері бай болып үшінші күні кедейленсе немесе өлсе ол адамның құрбандық шалуы уәжіп болмайды. Ал үшінші күні байыған адамға құрбандық шалуы уәжіп болады. (Дурәр және Ғурәр)