19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Ұйқы дәретті бұзады

Ұйқы дәретті бұзады

Сұрақ: Умраға барған едім. Ол жақта ұйықтап тұрғаннан кейін бірден намаз оқығандарды көрдім. Қай мазһабты ұстанатындарын сұрадым. «Біздің белгілі бір мазһабымыз жоқ. Біз пайғамбар мазһабын ұстанамыз. Оның үкімдеріне бағынамыз. Ол ұйықтап тұрғаннан кейін дәрет алмай намаз оқитын еді. Біз де Оның жолындамыз» деп жауап берді. Ұйықтау дәретті бұзбайды ма?

Жауап: Ұйықтау төрт мазһабта да дәретті бұзады. Ұйықтаудың Расулуллаһ алейһиссаламның дәретін бұзбауы тек Оған тән жағдай. Пайғамбарымызға харам болған бір нәрсе үмбетіне халал болуы мүмкін. Пайғамбарымызға парыз болған нәрсе үмбетіне парыз болмауы мүмкін. Үмбетіне харам болған нәрсе пайғамбарымызға жаиз (рұқсат) бола алады. Бірнеше мысал келтірейік:

1) Үмбетіне төрттен артық әйел алу харам болғанымен, пайғамбарымызға жаиз еді.

2) Әйелімен ажырасу үмбетіне жаиз болғанымен, пайғамбарымызға бұған тыйым салынған.

3) Өлген адамның әйелі басқа біреумен үйлене алады. Бірақ Расулуллаһтың әйелдері бұл үкімге тиісті емес, үйлене алмайды. Олар мүминдердің аналары. Анамен үйленуге болмайды.

4) Құрбандық шалу Расулуллаһқа парыз еді. Ал үмбетіне Ханафиде уәжіп, басқа үш мазһабта сүннет.

5) Түнгі намаз пайғамбарымызға парыз еді. Бір хадис шәрифте «Алтын мен жібек үмбетімнің әйелдеріне халал, еркектеріне харам» делінген. Үмбетіне харам, Оған рұқсат еді. Пайғамбарлар мүлдем күнә істемейді.

7) Ұйықтауы дәретін бұзбайтын еді. Өйткені Оның мүбәрәк көздері ұйықтайтын, ал жүрегі ұйықтамайтын еді. Айша анамыздың сұрағына жауап ретінде Расулуллаһ: «Ей, Айша, менің көздерім ұйықтайды, бірақ жүрегім ұйықтамайды» деген. (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Нәсаи, Тирмизи)

Демек, «Мен пайғамбардың мазһабындамын»,  «Мен суннамен жүремін», «Мен мазһабты емес, Исламды ғана ұстанамын», «Менің мазһабым – Құран» деген мазһабсыздардың бәрі адасушы екені осыдан да аңғарылуда.