8 - Шәууал, 1445 жыл.
     17 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Күмәнді азықтарды жеу

Күмәнді азықтарды жеу

Сұрақ: Ішінде доңыз еті бар болуы мүмкін деген күмәнді азықтарды жеу жаиз ба?

Жауап: Кейбіреулер нарықтағы азық-түліктерде доңыз майы және сусындарда спирт болуы мүмкін, еттер “бисмиллә” айтылмай сойылған болуы мүмкін деп күмәнданып жатады.

Хазреті Имам Ғазали былай деген:

«Харам болмаған бірақ күмәнді болған нәрселерден де сақтану керек! Хадис шәрифтерде “Күмәнді нәрсені таста, күмәнсіз нәрсені ал”, “Күмәнді нәрселерден сақтанған адам, дінін, намысын қорғаған болады. Күмәнді нәрселердің айналасында жүргендер харамға түсуі мүмкін.” деп бұйырылды. Алайда азық-түлікте және сусындарда күмәнданып жемеу тақуа емес уәсуәса болып табылады. Мәселен дініміз “харам екендігі білінбеген нәрселерді жеңдер!” деп бұйырған. Расулуллаһ алейһиссалам мүшриктің, хазреті Омар христианның құманынан дәрет алған. Сахабалар кәпірлер ұсынған судан ішкен. Алайда лас, нәжіс болған нәрселерді жеу харам болып табылады. Кәпірлер де лас болады. Қолдары, ыдыстары шараппен былғанған болады. Малдарын “бисмиллә” айтпай сояды. Бұған қарамастан сахабалар нәжіс екендігі нақты білінбегендіктен уәсуәса етпей, ет, ірімшік секілді азықтарын алып жеген.» (Ихия)

Хазреті Имам Қасталани былай деген:

«Пайғамбарымыз Хайберде сахабаларымен бір яһудидің у қосып берген кәбабынан бір үзім жегеннен кейін “Бұл ет маған улы екендігін айтты” деп басқа жемей қойды және соңғы сырқатында “Хайберде жеген улы еттің зардабын әлі сезіп тұрмын” деп бұйырды.» (Мәуахиб)

Расулуллаһ алейһиссалам яһудидің нанын, майын, тамағын “бұл таза ма?” деп сұрамастан жеді. Бұл доңыздың майы ма, қойдың майы ма, нанның қамыры сумен ашытылды ма әлде шараппен ашытылды ма деп сұрамады. Мүшрик әйелдің құманынан дәрет алды. Бұлардың бәрі сұрастырудың керегі жоқтығына дәлел болып табылады. (Бәриқа)

Хазреті Имам Раббани былай деген:

«Кәпірлердің денелері емес сенімдері лас. Құран кәрімде “Кітапты кәпірдің (яһуди, христиан) пісіргендерін (және сойғандарын) жеу халал болып табылады”

Кәпірлермен сауда-саттық жасаған мұсылмандарды лас демеу керек, олардың тағам, сусындарынан күмәнданбау керек! Күмәндану (шүбһә) ықтияттық емес, күмәнданудан құтылу ықтияттық болып табылады.» (Мәктубат 3/22)

Кәпірлер тамағымызға нәжіс қосуы мүмкін болғаны секілді, у да қосуы мүмкін. Әлгі яһуди де пайғамбарымыздың тамағына у қосқан еді. Пайғамбарымыз сұрастырмай-ақ, зерттемей-ақ ол тамақты жеген еді. Өйткені нәжіс екендігі білінбеген тамақты жемеу тақуа емес, уәсуәса болады. Дініміз уәсуәсадан қашуды әмір еткен. (Хадиқа)

Дінімізде “бір нәрсенің халал болуы үшін дәлел ізделінбейді, харам болуы үшін дәлел ізделеді” деген қағида бар. Нәжіс екендігіне дәлел жоқ болса, таза деп қабылданады. (Усули Пәздәуи)

Маргарин, шұжық, сусындар және басқа да азық түрлерінің ішіне нәжіс қосылса, бірақ қосылғаны білінбесе жеу жаиз болады. Білу – тікелей өз көзімен көру немесе әділ мұсылмандардың нәжіс қосылғанын біз көрдік деп айтуымен болады. "Қосылады екен, қосыладымыс" деумен харам болмайды. (Әшбах)

Сабындарға да доңыз майы қосылуы мүмкін. Бірақ нәжіс қосылған май немесе доңыз майынан сабын жасалғанда, шараптан сірке суы жасалғанда бұлар таза болады. Бүкіл химиялық реакциялар осылай.

Азық-түлік заттарында қулықтар жүзеге асқан болуы мүмкін. Фабрикада ішіне әр түрлі нәжістер қосылған болуы мүмкін. Немесе немқұрайлық себебінен де нәжіс араласқан болуы мүмкін. Өнеркәсіптерде тосаптың (варенье) ішіне тышқан түсіп кеткен болуы мүмкін. Өндірушілер оны төкпеген болуы мүмкін. Сусындарға қосылатын эфир майы спирт ішінде ерітілген болуы мүмкін. Осы секілді себептермен әр түрлі нәжіс араласқан болуы мүмкін. Бірақ ішінде нәжіс бар екендігі анық болмаған бүкіл азық-түліктер таза деп қабылданады, жеуі күнә болмайды.

Азық өнімдерінде және “Е” кодымен басталатын қоспаларды ашық түрде доңыздан алынған май немесе ет қолданылғаны жазылмаған болса, ондай азық-түліктерді жеудің зияны жоқ. Егер жазылған болса, онда желінбейді.

 

Сұрақ: Нарықтағы кез-келген азыққа нәжіс қосылуы мүмкін болғаны үшін одан сақтанып жемеген жақсы болады емес пе?

Жауап: Нәжіс қосылғандығы нақты білінбейінше сақтану – уәсуәса, негізсіз және зиянды болады. (К. Саадет)