9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   


Бал шипалы

Сұрақ: Дәрігер бал жеу керектігімді айтты. Балдың діндегі орны қандай?

Жауап: Құран кәрімде балдың шипа екендігі білдірілуде. (Нахл 69)

Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Есте сақтау қабілетін күшейту үшін бал жеңдер!» (М.Насихат)

«Денеге күш беретін үш нәрсенің бірі – бал жеу.» (Шира)

«Науқасқа балдан асатын ешқандай шипалы нәрсе жоқ.» (Әбу Нуайм)

«Балда берекет және шипа бар. 70 пайғамбар балға дұға еткен.» (Б.Арифин)

«Шипа болған нәрсенің бірі – бал жеу.» (Бұхари)

«Пайдалы емделу жолдарының бірі – бал шәрбетін ішу.» (Бұхари)

«Әр айда үш рет таңертең аш қарынға бал жеген адам үлкен ауруға шалдықпайды.» (Бәйһақи)

«Халал ақшаға алынған бал жаңбыр суымен шәрбет жасалып ішілетін болса, барлық дертке дауа болады.» (Дәйләми)

«Бүйір шаншуларының дәрісі – ыстық бал шәрбеті.» (Хаким)

«Мына үш нәрседе шипа бар: Бал шәрбеті, хажамат (қан алдыру), отпен күйдіру. Бірақ үмбетіме отпен күйдіруді тыйым саламын.» (Бұхари)

«Екі шипа қайнарын жібермеңдер: Бал және Құран.» (Ибн Мажа)

«Расул-и әкрам бал шәрбетін қатты жақсы көретін еді.» (Ибн Сүнни)

 

Балдан басқа тәттіде көп шипа болмас,

Удан басқа ащыда көп зиян болмас.

 

Ара сүті витаминге және протеинге бай. Бал көптеген ауруларға ем. Қанды тазалайды, қан айналымды жақсартады. Жүректің қатты соғуының алдын алады. Асқазанға жеңілдік береді. Асқорыту және жүйке жүйелерінің бұзылуына және ұйқының бұзылуына қарсы өте пайдалы. Қан аздыққа жақсы келеді. Сүйек ауруларына да өте пайдалы. Су қосылған сүтті бал шәрбетіне араластырып ішетін болса, ішек паразиттерін өлтіреді.