26 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Жолаушылар бір-бірлеріне жәрдемдесу керек

Жолаушылар бір-бірлеріне жәрдемдесу керек

Сұрақ: Әр мұсылманның өзіне және адамдарға пайдалы болуы үшін бір кәсіпке ие болуы, жұмыс істеуі діннің әмірі ме? Жұмыс істегенде қалай ниет ету керек?

Жауап: Бұл жайында Имам Ғазали хазреттері "Кимйа-и саадат" кітабында былай дейді:

«Кем дегенде мыңдаған адам жұмыс істемейтін болса, өзінің тіпті бір күн де өмір сүре алмайтынын ойлау керек. Мысалы егінші, наубайшы, тігінші, темірші, жіп иіруші және т.б. түрлі мамандық иелері, бәрі ол үшін жұмыс істеуде. Ол бәріне мұқтаж. Бәрі ол үшін жұмыс істеп, оған бәрін дайындап беріп жатқанда, оның бос отыруы, ешкімге пайдалы болмауы дұрыс па?

Бұл дүниеде әр адам – жолаушы, келдік, кетіп барамыз. Жолаушылардың бір-біріне жәрдем етуі, бірігуі, бауырдай болуы қажет. Әр мұсылман осылай ойлауы керек. Жұмысын бастайтын кезде «Мұсылман бауырларыма жәрдем беру, олардың рахат өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеймін. Дін бауырларым менің пайдама жұмыс істегеніндей, мен де оларға қызмет етемін. Аллаһу та'алаға рахат, жақсы ғибадат жасай алу, ахирет жолында жүре алу үшін жұмысыма бара жатырмын» деу керек. Мұсылмандарға жәрдем беруді және насихат етуді көңілден өткізу керек. Әр мұсылман жақсылап біліп алсын, барлық кәсіптер парыз кифая. Осыны ойлап, бір кәсіпті иелену – ғибадат жасау болып саналады. Кітапты кәпірлер тапса да, кітапсыз кәпірлер тапса да, барлық кәсіпті үйрену, әсіресе соғыс құралдарын ең заманауи, ең жаңа түрде жасауға тырысу – парыз. Бұл құралдарды жасай алу үшін қажетті білімдерді, дәрістерді мектептерде осы ниетпен оқыту және оқу, бәрі ғибадат болады. Намаз оқитын адамның осы ниетпен жасаған әр ісі ғибадат болады. Намаз оқымайтын адамның барлық іс-әрекеті күнә болады. Олай болса, әр мұсылман намазын оқу керек, кейін парыз екенін ойлап, өз міндетін атқару қажет.

Жұмыс істегенде ниеттің дұрыс екенінің белгісі – адамдарға пайдалы болған бір мамандық, кәсіп таңдау. Егер ол жұмыс болмаса, мұсылмандар қиыншылықта қалатындай бір жұмыс таңдау керек. Олай болса, ойын-сауық және осыған ұқсас жұмыстарға қазір кәсіп делінсе де, харам істеушілерге кәсіпкер аты берілсе де, бұларды жасау ғибадат болмайды. Тіпті харам болмаған, мубах болған, бірақ адамдарға қажетті болмаған кәсіптерді таңдамау керек. Хадис шәрифте: «Ең жақсы сауда – мата сату. Ең жақсы кәсіп – тігіншілік» делінген.