19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Құран Кәрім / Құранда бәрі бар?!

Құранда бәрі бар?!

Сұрақ: Ғаламтордан оқыдым. Абдуллаһ ибн Мубәрәк бір хикая айтып берген. «Бұл оқиға Құранда барлық нәрсенің бар екеніне дәлел» деген. Бұл дұрыс па?

Жауап: Ол хикая ойдан шығарылған. Дұрыс болса да, оған сүйеніп Ибн Мүбәрәк хазреттері ондай нәрсені ешқашан айтпайды. Өйткені ол хадис, фиқһ және тасаууф ғалымы. Құранда барлық нәрсе бар болғанда еді, ол хадис, фиқһ және тасаууф кітаптарын жазбас еді. Имам Ша'рани хазреттері былай дейді:

«"Бізге тек Құраннан айт!" деген бір адамға Асхаби кирамнан Имран бин Хусейн хазреттері «Ей, ақымақ! Құран кәрімде барлық нәрсені табу мүмкін емес. Мысалы, намаздардың қанша рәкаттан оқылатынын таба аласың ба?» деді. Хазреті Омардан «Парыздардың сапарда қанша рәкаттан оқылатынын біз Құраннан таба алмадық» деп сұраған адамдарға ол: «Аллаһу та'ала бізге Мұхаммед алейһиссаламды жіберді. Құран кәрімде таба алмағандарымызды біз Расулуллаһ алейһиссаламнан көргеніміздей орындаймыз. Ол сапарда төрт рәкат парыздарды екі рәкат қылып оқитын еді. Біз де солай істейміз» деді.» (Мизан-ул-кубра)

Асхаби кирамның жолы осы. Ибн Мүбәрәк хазреттері бұл жолға қайшы ештеңе айтпайды. Құран кәрімде біз таба алмайтын мәселелердің бірнешеуі мыналар:

1) Күніне қанша уақыт намаз оқу парыз? Хадис шәрифтерге сенбейтіндер, Расулуллаһтың амалын қабылдамайтындар осы себептен намаз уақыттарының 3 немесе 6 екенін оттап жүр.

2) Намаздардың рәкат сандарын да Құраннан таба алмаймыз. Мысалы, екіндінің төрт, ақшамның үш рәкат екенін қалай табар едік?

3) Намаздың қалай оқылатынын Құраннан таба алмаймыз.

4) Намаздың парыздарын және намазды бұзатын нәрселерді таба алмаймыз.

5) Аяққа мәсі киілетінін-киілмейтінін таба алмаймыз.

6) Жаназа және айт намаздарының қалай оқылатынын таба алмаймыз.

7) Оразаның парыздарының ешбірін таба алмаймыз.

8) Қажылықтың парыздарын таба алмаймыз.

9) Зекет нисабын (мөлшер) және қандай малмен қай мөлшерде берілетінін таба алмаймыз.

10) Оразаны бұзатын нәрселердің ешбірін таба алмаймыз.

11) Оразаны бұзып, кафарат қажет ететін нәрселерді таба алмаймыз.

12) Ораза кафаратын және мөлшерін таба алмаймыз.

13) Құқық білімдерінің көбін таба алмаймыз.

14) Қай жануарлардың етін жеуге болады, қайбірлерін жеуге болмайды, бұлардың ешбірін таба алмаймыз. Жыланды, итті, пілді жеуге болады ма, болмайды ма, таба алмаймыз.

15) Харамдардың барлығын таба алмаймыз. Мысалы, татуировка жасату харам ба, жоқ па? Құраннан таба алмаймыз. Сахих Мүслимде былай білдірілген:

«Асхаби кирамнан Ибн Мәсуд хазреттері «Татуировка жасаған және жасатқан адамға лағнет болсын» деген хадис шәрифті айтқан кезде бір кәрі әйел «Мен Құранды оқыдым, бірақ ондай лағнет жоқ қой» деді. Ибн Мәсуд хазреттері «Мұқият оқысаңыз, міндетті түрде көретін едіңіз» деп Хашр сүресінің «Расулуллаһтың сендерге бұйырғандарын алыңдар, тыйым салғандарынан сақтаныңдар!» мағынасындағы жетінші аяти каримасын оқыды.» (Мүслим)

Олай болса, Құранды түсіну үшін оның түсіндірмесі болған хадис шәрифтерге қажеттілік бар. Хадис шәрифтерді де түсіну үшін ғалымдарға қажеттілік бар. Әркім Құранды өз бетінше түсіне алса, онда пайғамбардың не қажеті бар еді? Егер әркім Құран кәрімді түсіне алса, 72 адасқан ағым (секта) пайда болмас еді. Заманға қарай өзгеріске ұшырайтын дүние – ол әдет-ғұрыптар. Дін болса, заманға қарап өзгермейді өзгермейді.

Ғалымдар да аяттарды түсініп, Құран кәрімнен өздері үкім шығара алса, Аллаһу та'ала пайғамбарына тек «Саған уахи етілгендерді уағызда!» дейтін еді. Бөлек түсіндіріп? баяндап беруін әмір етпес еді. Расулуллаһ Құран кәрімде қысқа және жабық білдірілгендерді түсіндірмесе, Құран кәрімнің мағыналары жабық бойынша қалар еді. Сүннетті де мүжтәһид ғалымдар айқындаған.

Демек, дінімізді дұрыс үйрене алу үшін әркім Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден тікелей өзі түсінуге тырыспай, өз мазһабының үкімін ұстануы керек.