10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   


Сәйид Нұр Мұхаммед

Сәйид Нұр Мұхаммед хазреттері әулиелердің ұлыларынан. Силсилә-и алийаның жиырма алтыншысы. Өзі сәйид болып, тегі пайғамбарымыз алейһиссаламнан келеді. Кесенесі Үндістанның Дели қаласында.

Сәйид Нұр Мұхаммед Бадаюни хазреттері ілімі мен фәйзін Имам Раббани хазреттерінің немересі, үлкен ғалым және мүршиди кәміл Мұхаммед Сәйфәддин Фаруқиден алды. Оның дәрістерінде және сұхбаттарында жетіліп, ижазат (диплом) алды. Ілімде жоғарылағаны соншалық, өз заманының теңдесіз ғалымы және жол көрсетушісі еді.

Адамдар одан фәйз алу үшін сұхбатына асығатын. Бір тәуәжжуһімен шәкірттерінің жүректері зікір ете бастайтын еді. «Көшеде күнәхарлармен кездесу жүрекке қара дақ түсіреді» дейтін және шәкірттерінің қандай күнә істеген адаммен кездескенін айтып беретін еді. Жетілдірген шәкірттерінің ең атақтысы және халифасы (орынбасары) болған Мазхар Жаны Жанан хазреттері әулиелердің ұлыларынан еді.

Күмәнді нәрселерден және харамдардан сақтану тұрғысында қайраты соңғы дәрежеге жеткен еді. Жейтін нанының ұнын халалдан алып, қамырын өзі илеп, өзі пісіретін және қарны қатты ашқанда аз-аздап жейтін. Тасаууфта Аллаһқа деген махаббатынан есінен тану жағдайы жиі болатын. 15 жыл осындай күйде өмір сүрді және тасаууфтық халдерге қарқ болды. Өмірінің соңғы уақыттарында бұл халден айық күйге айналды.

Сүннети сәнийаны ұстануға, әдептерде де пайғамбарымызға ұқсауға қатты мән беретін еді. Сүйікті пайғамбарымыздың өмірін және жоғары ахлақын баяндайтын кітаптарды үнемі өзімен бірге алып жүретін, оларды оқып, барлық жағдайларда, іс-әрекеттерінде Расулуллаһқа ұқсауға тырысатын еді.

Бір күні дәретханаға кірерде қателесіп әуелі оң аяғымен ішке қадам басқан кезінде тасаууфтағы халдері байланып қалды. Үш күн Аллаһу та'алаға жалбарынғаннан кейін халдер қайтадан ашылды.

Әрдайым мурақабада болатын еді. Осылайша Аллаһу та'аладан басқа барлық нәрсені ұмытып, Аллаһу та'алаға бет бұрып, көп ғибадат жасағаны үшін белі бүгіліп қалған.

Бір күні бір адам тағам сыйға алып келді. Берген кезде «Бұл тағамда бір қараңғы дақ сезіліп тұр, тексеріп көріңізші» деді. Әлгі адам «Бұл тағам халалдан жасалған» деп жауаптады. Бірақ тексерген кезде бұл тағамның көз бояушылық (адамдарға көрсетіп, амалымен мақтану) үшін дайындалғаны аңғарылды.

Дүниеге берілген адам одан аманатқа кітап сұраған кезде беретін еді. Кітапты қайтарып алып келгенде ол кітапты бір жерге қойып, үш күн күтетін еді. Кітапты алған адамнан кітапқа сіңген қаралық сұхбатының берекетімен тазарғаннан кейін алып оқитын еді.

Бір күні бір шәкірті оған бара жатқанда жолда көзі бір бөтен әйелге түсіп, оған қараған еді. Ұстазының алдына кіргенде «Сенде зинаның қаралығын көріп тұрмыз» деп бөтен әйелге қарауы себебімен күнәға батқанын сілтеді.

Асхаби кирамға дұшпандық етіп жүрген екі рафизи адам рафизи екенін жасырып, оған шәкірт болғысы келгенін айтты. Оларға «Әуелі қате сенімдеріңнен бастартыңдар, кейін шәкірт болуды сұраңдар» деді. Екеуінің бірі осы кереметті көріп, дереу тәубе етіп, адасқан сенімінен бастартты.

Өзі былай айтып берген:

«Бір күні ұстазымның қабірін зиярат етуге барған едім. Қабірінің басында мурақабаға салындым, ұстазымды қабірінде көріп, онымен сөйлестім. Кебіні мен денесі мүлдем шірімеген еді. Тек аяқтарының табандарына топырақ әсер етіп, біраз төгілген екен. Мұның себебін одан сұрадым, "Егесінің рұқсатынсыз, ол келгенде кері қайтарамын деген ниетпен бір тас алып, дәрет алған жеріме қойдым. Дәрет алып жатқанда сол тастың үстін бастым. Аяқтарымда көрген әлгі топырақтың әсері осы себептен" деп жауаптады.»