19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Қиын деп қызметтен қашу

Қиын деп қызметтен қашу

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бізден кейінгі ұрпақтар осы Әһли сүннет жолын, осы қызметтерді жалғастырады, Әһли сүннет кітаптарын бүкіл адамдарға жеткізеді, бұл қызметтер қияметке дейін жалғасады, иншаллаһ. Бұл қызметтердің қадірін біле тұра, қиналған кездерде, қиыншылықтарға тап болғанда, осы істерді тастап, басқа жұмыстармен айналысқандарға, арамыздан айрылуды көздегендерге таң қалмау мүмкін еместей.

Бұл дін, бұл кітаптар бізге келгенге дейін 1400 жыл бойы осы жолда ешқандай қиыншылық болмады ма, ешкім қорлыққа душар болмады ма? Бүкіл пайғамбарлар, ең көп Расулуллаһ алейһиссалам пайғамбарымыз түрлі қиындықтар көрді. Асхаби кирамның өмірлері қиыншылықтармен өтті. Жер бетінің барлық аймақтарында сахабалардың қабірлері бар. Олар кері қайтпау шартымен үйлерінен, елдерінен шығып, сол елдерге дейін келді, кейін шәһид болды. Имам Раббани хазреттері өмірінің бірнеше жылын қамауда өткізді. Имам Ағзам хазреттері қамауда соққы көріп қайтыс болды. Османдықтар, оған дейінгілер осы күндерге келгенге дейін түрлі қиыншылықтар көрді.

Сондай есеп күні келеді, мүйізсіз қошқар мүйіздісінен ақысын алады. Бір-бірімізді ренжітпеуіміз, ғайбаттамауымыз керек, әсіресе жала жабатын болсақ, жазасы өте ауыр болады. Біз туралы да түрлі сөздер айтылуы мүмкін. Имам Ағзам хазреттеріне біреу келіп: «Пәлен адам сіз туралы жаман сөйлеп жатыр» дейді. Имам Ағзам хазреттері оған бір қалта алтын жібереді. «Қанша күнәм бар болса, бәрін алып жатыр, алғысымды білдіру үшін жібердім» дейді. Әр адам өз істегенімен қалады. Ақылды адам сауап істейді, күнә емес. Одан да ақылдысы өзгенің күнәсін жүктеуден сақтанады.

Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттерінің шәкірттерінен Зия мырза үйінде біреу туралы сөз қозғалса: «Доғарыңдар, әуелі өздеріңе қарап алыңдар, ешкімді жамандамаңдар» дейтін еді. Бір сөз де сөйлетпейтін еді. Біреу туралы сөйлемеуіміз керек, айнаның алдына тұрып, біз кімбіз, не істеп жүрміз деп өзімізге қарауымыз қажет.

Құран кәрімде: «Сабыр және намазбен Аллаһтан жәрдем сұраңдар! Аллаһ әлбетте сабыр етушілермен бірге» делінген. Бәрінен көп Расулуллаһ алейһиссалам сабыр еткен. Ең көп дұшпаны бар – Аллаһу та'ала. Бір күні Мұса алейһиссалам адамдардың сөздерінен шаршап, «Йа, Раббым, мына халық мен туралы сөйлемесінші» деп дұға етеді. Сонда Аллаһу та'ала: «Йа, Мұса, сен сұраған осы тілекті мен өзім үшін де істемедім. Көрмейсің бе, адамдар мен туралы не сөйлеп жатқанын» деді. Демек, жетістікке жету, бақытқа қауышу үшін кімнен, қай жолмен келсе де, түрлі қиыншылықтарға сабыр ету шарт.