26 Маусым 2017   


  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Жұма күні және түні не оқу керек?

Жұма күні және түні не оқу керек?

Сұрақ: Жұма күнінде және түнінде не оқыған жақсы болады?

Жауап: Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жұма түні Кәһф сүресін оқыған адам қияметте жерден көкке дейін бір нұрмен жарқырайды. Екі жұма арасында істеген күнәлары кешіріледі.» (Тәрғиб)

«Жұма күні 80 салауат оқыған адамның 80 жылдық күнәсі кешіріледі.» (Дара Кутни)

«Жұма күні немесе түні Духан сүресін оқыған адамға жәннатта бір зәулім сарай сыйға беріледі.» (Табарани)

«Жұма түні Ясин сүресін оқыған адамның күнәлары кешіріледі.» (Исфәхани)

«Жұма күні ғұсыл алған адамның күнәлары кешіріледі.» (Табарани)

«Жұма күні таң намазынан бұрын "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәл хаййәл қаййума уә әтубу илайһ" деп оқыған адамның күнәлары теңіз көбігіндей болса да, кешіріледі.» (Ибн Сүнни)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ихлас және Фәлақ пен Нас сүрелерін оқыған адамды Аллаһу та'ала бір апта бәле-жаладан, қауіп-қатерден, жаман істерден қорғайды.» (И.Сүнни)

 

Жұма күні таңертең үш истиғфар оқу

Сұрақ: С.Әбәдийа кітабындағы хадис шәрифте «Жұма күні таң намазынан бұрын үш рет "Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәл хаййәл қаййума уә әтубу илайһ" деп оқыған адамның өзінің, ата-анасының барлық күнәлары кешіріледі» делінген. Бұл истиғфар дұғасын күнде таң намазынан бұрын немесе әр намаздың алдында оқысақ, дәл сол сауап беріледі ме?

Жауап: Жоқ, берілмейді. Бұл истиғфарды оқу өте сауапты. Қай кезде оқылса да, оқыған адам көп сауап алады, күнәлары кешіріледі, дерттерден, қиыншылықтардан құтылады. Бірақ бұл жерде ерекше жағдай білдірілген, ата-анасының да күнәлары кешіріледі делінген. Әр намаздың алдында дәл осы сауап берілгенде еді, сүйікті пайғамбарымыз «Жұма күні таң намазынан бұрын» деп айтпай, «Әр намаздың алдында» дейтін еді. Білдірілген сауап тек жұма күні таң намазының алдында оқылғандарға ғана тиісті.

Осындай шартсыз айтылған хабарларда көптеген шарттар болады. Бірнешеуі төменде:

1) Мұсылман болу. Мұсылман болмаған адам оқыса да сауап ала алмайды.

2) Намаз оқымайтын адам, таң намазынан бұрын оқыса, сауап ала алмайды.

3) Намаз оқыса, бірақ Әһли сүннет сенімінде болмаса, сауап ала алмайды.

4) Құл (кісі) ақылары мен қазаға қалған парыздарды өтеу және харамдарды тастау шарт. (С.Әбәдийа)

Күнәлардың кешірілуі үшін харамдардан бастарту шарт. Құл (кісі) ақылары мен қазаға қалған парыздарды өтеу парыз. Парыз орындалмайтын болса, сол бөлімдегі нәпіл ғибадаттар қабыл болмайды.