19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Әйелдердің етеккірі келгенде

Әйелдердің етеккірі келгенде

Сұрақ: Етеккір (хайз) келген күндерімізде не оқуға болады, не оқуға болмайды? Дәлірек айтқанда, осы күндерімізде тыйым салынған немесе рұқсат етілген нәрселерді айтып бересіз бе?

Жауап: Хайз (әйелдеайына бір келетін қан) бен нифас (босанғаннан кейін келетін қан) кезінде тыйым салынғандар:

1) Намаз оқуға болмайды.

2) Ораза ұстауға болмайды.

3) Құран оқи алмайды.

4) Құран кітапты ұстауға болмайды.

5) Мешітке кіруге болмайды.

6) Қағбаны тауаф етуге тыйым салынады.

7) Жыныстық қатынасқа түсуге болмайды.

 

Етеккірі келген әйелге рұқсат етілгендер:

Тыйым салынғандардан басқа бәрін істеуге болады. Мысалы, мыналарды істесе болады:

Хайз күйіндегі әйел Бисмиллаһ, салауат, калима-и тәухид, истиғфар және барлық дұғаларды оқуына болады, тәсбих тартады, зікір етеді. Фатиха, Раббана әтина..., Раббанағфирли... және басқа да дұға аяттарын дұға ниетімен жаттанды түрде оқуға болады. Хайз жағдайында мазарға барып, қабірді зиярат ете алады, дұға ниетімен сол жақта Фатиха оқыса болады. Әрбір намаз уақытында дәрет алып, сол намазды оқитындай уақыт отырып зікір етсе, тәсбих тартса, ең жақсы оқыған намазының сауабын алады.

 

Сұрақ: Дәретсіз кезде дұға, салауат оқуға болады ма?

Жауап: Дәретсіз дұға оқу, истиғфар айту, салауат оқудың зияны жоқ. Бос тұрғанда да, бір іспен айналысқанда да бұларды оқу өте жақсы болады. Дәрет бар болса, көбірек сауап беріледі. Дәретсіз болса, тіпті етеккір келген күндерде де оқудың зияны жоқ.

 

Ескерту: Кеңірек мәліметті «Хайз және Нифас» бөлімінен көре аласыз.