26 Маусым 2017   



КІРІСПЕ (2)

Қазір кейбір мұсылман мемлекеттерінде, мысалы Пәкістанда, Оңтүстік Африкада, Сауд Арабиясында шағын қоғамдар болғанындай, Еуропа мемлекеттерінде де, Америкада да шағын Ислам орталықтары бар. Олар Ислам дінін таратуда. Бірақ, түрлі топтар тарапынан қолдау көретін бұл орталықтардың басылымдары бір-бірін жамандап, дініміз бұйырған Ислам бірлігін бұзуда, бөлінуде. "Хақиқат кітап үйі"міздің күші тек аздаған жастарға кітап жеткізіп беруге ғана жетуде. Көптеген қиындықтарға қарамастан бүкіл әлемде біздің қарапайым басылымдарымыз оқылуда, осы арқылы фырқа-и нажийа болған [тура жолда болған Әһли сүннет мазһабындағы] мұсылмандардың саны жыл сайын артуда. Бұдан 100 жыл бұрын мұсылмандар христиандардың үштен біріндей ғана еді, қазір бұл сан 50 пайызға жетті. Өйткені, мұсылмандар сенімдерін берік ұстануда және ұрпақтарын мұсылман етіп тәрбиелеуде. Ал христиан әлемінде жастар христиан дінінің жаңа ғылыми білімдерге және заманауи ғылыми жаңалықтарға қайшы екенін көріп, діндеріне деген сенімдері қалмай, дінсіз болуда. Сондай-ақ, коммунистік мемлекеттер дінді толығымен жойып, тыйым салуда. Олардың кейбірлерінде, мысалы, коммунист Албанияда «Дінсіздік мұражайы» ашылып, барлық діндер мазақ етілген. (Қазір бұл коммунисттік басқарма құлаған.) Жоғарыда айтылған ірі христиандық діни ұйымдар орналасқан Англияда да ешқандай дінге сенбейтіндердің, атеисттердің халықтың 30 пайызын құрайтынын ағылшын басылымдары жазады.

Олай болса, бір жағынан бүкіл еңбектерге қарамастан христиандық әлсіреп жатқанда неліктен біздің басылымдарымыз үлкен қолдау табуда? Мұның себебі анық. Ислам діні – ең мәдени, ең қисынды және ең дұрыс дін. Ынсапты [бейтарап] және мәдениетті әрбір адам мұсылмандықты айқын түсіндіріп беретін кітаптарымызды оқыған кезде бұл діннің ең соңғы хақ дін екенін, барлық заманауи білімдер мен түсініктерге сай келетінін, онда қате сенімдер жоқ екенін және «Үштік тәңір» сияқты ақылға қонымсыз сенімге емес, жалғыз Аллаһқа сенетінін көріп, Оған иман келтіруде. Өйткені, мұқият зерттелетін болса, қазірге дейін келген «Бір Аллаһқа сену» негізіне сүйенген діндердің бір-бірінің жалғасы екендігі, бірі бұзылса, Аллаһу та’ала оны түзету үшін жаңа пайғамбар (алейһиссалам) жібергендігі, ал бұл діндердің соңғысының ең ғылыми және ең кәміл дін болған Ислам діні екендігі байқалады. Жоғарыда есімі аталған және алда да есімі көптеген жерде кездесетін Харпуттық Исхақ Мырзаның Ислам діні мен христиан дінін салыстыруы да бұл екі діннің иман негіздерінің бірдей болғанын, христиандықтың кейіннен яһудилер мен поптар тарапынан өзгертілгенін көрсетеді.

Тоқталуды қажет ететін маңызды тақырыптың бірі – христиандық пен Исламдағы ахлақ негіздерінің салыстырылуы. Осы бөлімді және «Жауап бере алмады» деген кітабымыздың 8-бөлімін оқысаңыздар, бұл екі діннің бірдей нәрселерді қалай бірдей түрде қарастырғанын, адамдарға бірдей бұйрықтар бергенін көресіз. Қазір кезкелген бір христиан үш тәңір орнына бір Аллаһқа және соңғы пайғамбар болған Мұхаммед алейһиссаламға сенсе, таза мұсылманға айналады. Қазір ақылды христиандар да үш тәңір сенімін теріске шығаруда, мұны түсіндіру үшін түрлі тәфсирлер жазып, бір Аллаһқа сенуде. Бұл ақиқатты көрген көптеген христиандар өз қалауларымен мұсылмандықты қабылдаған. Кітабымыздың «Олар неліктен мұсылман болды?» деген бөлімінде осылар туралы айтылады. Дін – рухтың азығы. Дінсіз адам басы жоқ кеудеге ұқсайды. Денеге қалай тыныс алу, жеу, ішу қажет болса, рух та тазарып, бақытқа қауышу үшін дінге мұқтаж. Дінсіз адамның роботтан, жануардан айырмашылығы жоқ. Дін – адамға Аллаһын танытатын, оны жамандық жасаудан қорғайтын, оның жолын ашатын, көңілін жайландыратын, қайғылы кездерде оны жұбататын және оған материалдық және рухани күш беретін, қоғамда оны құрметке, абыройға,  сүйіспеншілікке бөлейтін және ахиретте мәңгі тозақ отынан сақтайтын ең үлкен себеп болып табылады.