19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Күнәхар адаммен үйлену

Күнәхар адаммен үйлену

Сұрақ: Намаз оқымайтын және оранбайтын христиан бір қызбен үйлену жаиз (рұқсат) болса, онда намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын, ашық-шашық киінетін мұсылман қызбен үйленуді жақсырақ деп ойлаймын. Бұл пікірім қате ме?

Жауап: Иә, қате. Христиан қызға үйлену де тахримән мәкрух, харамға жақын. Яғни христиан қызға үйлену зәруліксіз рұқсат емес. Қазіргі таңда кітап иесі, яғни христиан қызды да табу өте қиын. Көбі мүшрик. Мүшрикке үйлену түбегейлі жаиз емес. Кітап иесі қыз табылса да, христиан, яғни кәпір қыз бен күнәхар мұсылман қыз салыстыруға келмейді. Христиан қыздың орануы және ешбір ғибадатты жасауы қажет емес, өйткені мұсылман болмағандардың әуелі иман келтіруі керек. Имансыз ғибадаттардың пайдасы болмайды. Ахиретте христиан әйелден «Неге намаз оқымадың, ораза ұстамадың, ішкілік іштің» деп сұралмайды. Одан тек «Неге мұсылман болмадың?» деп сұралады, ал мұсылман әйелдің намаз оқу жауапкершілігі бар, ішкілік іше алмайды, шаштарын аша алмайды. Ондай әйел пасық (күнәхар) болады. Пасық – тартынбай, ашық түрде күнә істейтін, мысалы бес уақыт намаз оқымайтын, ашық жүретін адам деген сөз. Пасықпен үйленбеу керек, өйткені Шират-ул Ислам кітабындағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Қызын пасықпен үйлендірген адамның дұғасы және ғибадаттары қабыл болмайды.»

«Шапағатыма қауышуды қалаған адам қызын пасықпен үйлендірмесін!»

С.Әбәдийа кітабындағы екі хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Бір адам қызын пасыққа (жаман адамға) берсе, Аллаһу та'аланың аманатына қиянат еткен болады. Аманатқа қиянат етушілердің баратын жері – тозақ.»

«Қызын пасыққа берген адам – малғұн.»

Көрініп тұрғанындай, христиан қызбен де, пасық қызбен де үйлену дұрыс емес. Ал салиха, иманды, ибалы, тәрбиелі қызбен үйлену – ниғмет.

 

Пасықпен үйлену

Сұрақ: Ата-анасы пасық (күнәхар) болған салих (діндар) жігіт салиха (діндар) қызға үйленбекші. Оған бір досы: «Салиха қызға үйленсең, қызға обал болады. Үйленсең, пасық қызбен үйленуің керек» депті. Бұл кеңесі дұрыс па?

Жауап: Жоқ, мүлдем дұрыс емес. Бір хадис шәриф:

«Пасықпен үйленуге разы болған адамның қабірінен тұрған кезде маңдайында "Аллаһтың рақымынан үмітін үзген" деген жазу болады.» (Шират-ул Ислам)

Салих адам жұбайын қолынан келгенше харамдардан қорғайды. Жанұясы күнәхар деп пасық қызбен үйленуге немесе мүлдем үйленбеуге кеңес беру үлкен қателік. Пасық адам да өзін түзетуге тырысу керек және салиха қызды таңдау керек. Жұбайының арқасында ол өзін түзетуі мүмкін. Бірақ салих қыз пасық еркекті таңдамау керек. Жақын танысым болған бір салих кісінің баласы намаз оқымайтын, яғни пасық еді. Салиха қызға үйленді. Қыз жігітті намаз оқытуға, үйінде отыруға дағдыландыруға тырысты. Қазір жиырма жасар балалары бар. Бәрі намаз оқиды. Демек, пасық болғандар да салихтарды таңдау керек, бірақ салихтар ешқашан пасықтарды таңдамау керек.