11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Зекет - Ұшыр - Садақа / Бізге қарыздар кедейге зекет

Бізге қарыздар кедейге зекет

Сұрақ: Бір кедейде алашағым бар еді. Зекетімді сол қарызға санасам болады ма?

Жауап: Жоқ, болмайды.

Бір байдың бір кедейден алашағы бар болса, кедейге қарыз құжатын беріп, «Саған алашағым шамасында зекет беруге ниет еттім. Сен қарызды зекетім орнына қабыл ет, осылайша есептескен боламыз» десе, кедей қабылдаса, бай кісі зекетін берген болып саналмайды. Өйткені зекет қарыз құжатын берумен, разы болумен берілген болмайды. Тек мүлік тапсырумен ғана жүзеге асады. Бай кісінің зекетін кедейге беруі, кедейдің алғаннан кейін қайтадан байға қайтарып, қарызын өтеуі керек. Жалдамалы үйдің ақысын өтей алмай жүрген кедей жалдаушыға үй иесі жалдамалы үйдің ақысын алмай кешіп жіберсе, бұл ақша зекет орнына өтпейді, садақа болады. (Рәддул мухтар)

 

Сұрақ: Кедейде алашағымыз бар. Зекет орнына санап жіберейік дейміз. Кедейге зекетімізді берсек, ол қарызын қайтармайды. Яғни қарызын қайтармайды деп кедейге сене алмай жатырмыз. Қай жолмен кедейдің қарызын зекеттен санауға болады?

Жауап: Кедейдің қарызын қайтаратынына сене алмаса, сенімді адамын кедейге көрсетіп, «Зекетіңді алу және қарызыңды өтеу үшін мына адамды өкіл қыл» дейді. Зекетті осы өкілге береді. Өкіл байға кері қайтарып, кедейдің қарызын өтейді. Осылайшы әрі зекет берілген болады, әрі кедейдің қарызы өтеледі. (Дурри йәкта, Мизани Кубра)

 

Зекетті сыйлық деп атау

Сұрақ: Қарызға бір алтын сұраған кедейге зекетке ниет етіп қарыз деп берілсе, кейіннен алтынды сыйлап жіберсе, зекет сахих болады ма?

Жауап: Иә, сахих болады.