19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Намазды уақытының басында оқу абзал

Намазды уақытының басында оқу абзал

Сұрақ: Намазды уақытының басында оқу мен уақытының соңына қарай оқу арасында қандай айырмашылық бар? Қызды теңіне беру деген нені білдіреді?

Жауап: Әли (радиаллаһу анһ) хабар берген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтты: «Йа, Әли! Үш нәрсені орындауды кешіктірме: уақыты келгенде намазды дереу оқы! Жаназа дайын болғанда намазын дереу оқы! Қыздың теңін тапқанда дереу тұрмысқа бер!» Бұл хадис шәрифті Тирмизи (рахимә-һуллаһу та'ала) білдірді. Жаназа намазын кешіктірмеу үшін мәкрух болған үш уақытта да оқу керек.

Көрініп тұрғанындай, әйелді, қызды теңіне беру керек. Теңі дегеніміз бай болу, айлығы көп болу деген сөз емес. Теңі болу – салих мұсылман болуы, Әһли сүннет сенімінде болуы, намаз оқуы, ішкілік ішпеуі, яғни Ислам дінін ұстануы және напақа табатындай жұмысының бар болуы деген сөз. Еркектің тек бай болуын, үй иесі болуын қалағандар қыздарын пәлекетке жетелеген, тозаққа тастаған болады. Қыздың да намаз оқуы, басы, аяқ-қолы ашық күйде көшеге шықпауы, махрам болмаған адаммен, тіпті туысы болса да, жалғыз (оңаша) қалмауы керек.

Абдуллаһ ибн Омар (радиаллаһу анһума) хабар берген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) айтты: «Намаздарын уақыттары келгенде дереу оқығандардан Аллаһу та'ала разы болады. Уақыттарының соңында оқығандарды да кешіреді.» Бұл хадис шәрифті Тирмизи (рахимә-һуллаһу та'ала) білдірді.

Шафии және Ханбалиде әр намазды уақытының басында оқу абзал. Малики мазһабы бұған жақын. Бірақ қатты ыстықта жалғыз оқитын адамның бесінді кешіктіруі абзал болады. Ханафи мазһабында таң мен құптан намаздарын кешіктіру және ыстық кездері бесінді ауа салқындағанда оқу абзал. Бірақ бесінді имамәйннің (екі имамның) қаулысы бойынша екінді уақыты кірмей тұрып, ал екінді мен құптанды Имам Ағзамның үкімі бойынша уақыты кіргенде оқыған жөн, осылай ықтиятты болады. Тақуалар барлық істеріне ықтиятты қарайды.

Умми Фәруа (радиаллаһу анһа) хабар берген. Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәссәләм) қай амалдың абзал екені сұралды. «Амалдардың абзалы – уақытының басында оқылған намаз» деді. Бұл хадис шәрифті Имам Ахмед, Тирмизи және Әбу Дауд (рахимәһумуллаһу та'ала) білдірді. Намаз – ғибадаттардың ең үстемі. Ал уақыты кірген сәтте оқылса, одан сайын үстем болуда. (Ислам Ахлақы, 288 бет)