19 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / Ибн Тәймияның адасқан жерлері

Ибн Тәймияның адасқан жерлері

Сұрақ: Ибн Тәймия қандай негізгі мәселелерде Әһли сүннеттен, дұрыс жолдан адасқан?

Жауап: Ибн Тәймияның сәләф-и салихиннен айрылған жерлері туралы Тажуддин-ус-Субки хазреттері былай жазған:

1) Талақ дегенде неке бұзылмайды, ант бұзу жазасын беру керек дейді.

2) Оқылмаған намаздың қазасын өтеу қажет емес дейді.

3) Ішетін судың ішіне тышқан сияқты жануар түсіп өлсе, нәжіс болмайды дейді.

4) Жүніп болған адамның түнде ғұсыл алмастан нәпіл намаз оқуына болады дейді.

5) Аллаһу та'ала бөлшектерден құралған дейді.

6) Құран кәрім Аллаһу та'аланың затында жаратылған дейді.

7) Әлем, яғни барлық махлұқ (жаратылыс) өз жынысымен мәңгі, шексіз дейді.

8) Аллаһ жақсы нәрселерді жаратуға мәжбүр дейді.

9) Аллаһу та'аланың денесі және бағыты бар және орнын ауыстырып тұрады дейді.

10) Тозақ мәңгі, шексіз емес, соңында сөнеді дейді.

11) Пайғамбарлардың күнәсіз, пәк екенін жоққа шығарады.

12) Расулуллаһ алейһиссаламның басқа пайғамбарлардан айырмашылығы жоқ. Оны арашы қылып дұға ету жаиз емес дейді.

13) Расулуллаһ алейһиссаламды зиярат етуге ниет етіп Мәдина қаласына бару күнә дейді.

14) Пайғамбарымыз алейһиссаламнан шапағат сұрауға бару да харам дейді.

15) Тәурат пен Інжілдің сөздері емес, мағыналары өзгерген дейді...

Кейбір ғалымдар жоғарыда білдірілгендердің көбісін Ибн Тәймияның сөзі емес деген болса да, Аллаһу та'аланың бағыты бар және оның болмысы бөлшектердің бірігуінен пайда болды деп айтқанын жоққа шығарғандар болмаған.

Ибн Тәймияны қорғаштайтындар және әсіресе «Уасита» кітабын басып шығарғандар бар. Бұл кітап оның Құран кәрімге, хадис шәрифтерге және ижма-и мүслиминге сай келмейтін пікірлеріне толы. Оқырмандары арасында үлкен фитна және араңдатушылық тудыруда, бауырларды бір-біріне дұшпан қылуда. Үндістандағы уаххабилер және басқа Ислам мемлекеттерінде осылардың тұзақтарына түскен надан дін адамдары Ибн Тәймияны өздеріне көсем қылып алып, оған «Шәйх-ул-ислам» дегендей атаулар берген. Оның адасқан пікірлеріне, қате жазбаларына дін және иман деп еруде. Мұсылмандарды бөлетін, Ислам дінін іштен құлататын осы қауіпті ағымды тоқтату үшін Әһли сүннет ғалымдарының оған қарсы жазған кітаптарын оқу керек. Бұл кітаптардың бірі Тақийуддин-ус-Субки хазреттерінің «Шифа-ус-сиқам фи-зиярати-хайрил-әнам» кітабы Ибн Тәймияның қате пікірлерін жоюда және таралуының алдын алуда.