16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Иман / Имандағы екі маңызды шарт

Имандағы екі маңызды шарт

Сұрақ: Бір адам Әмәнтуде білдірілген иманның алты шартына сенген болса да, Аллаһ достарын жақтырмаса, Аллаһ дұшпандарын жақсы көрсе, кәпір болады ма?

Жауап: Әмәнтуге сенудің дұрыс болуы үшін өте маңызды екі шарт бар:

1) Хубби филлаһ және буғди филлаһ:

Хубб – жақсы көру, дос болу деген сөз. Хубби филлаһ – Аллаһтың сүйгендерін Аллаһ үшін жақсы көру, олармен дос болу дегенді білдіреді. Буғд – жақсы көрмеу, дұшпандық деген сөз. Буғди филлаһ – Аллаһтың жақтырмағандарын Аллаһ үшін жақтырмау, оларға дұшпан болу дегенді білдіреді. Бұл жайлы айтылған бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Аллаһтың дұшпандарын өзіне дұшпан деп білмеген адам шынайы иман келтірген болмайды. Мүминдерді Аллаһ үшін жақсы көрген және кәпірлерді дұшпан білген адам Аллаһтың сүйіспеншілігіне қауышады.» (И.Ахмед)

Асхаби кирам хубби филлаһ, буғди филлаһты ұстанатын еді. Екі аяти кариманың мағынасы:

«Аллаһтың Расулымен бірге болғандардың (Асхаби кирамның) бәрі кәпірлерге қарсы қатал, бірақ бір-бірлеріне мейірімді, сыпайы.» (Фәтх 29)

«Аллаһ оларды (Асхаби кирамды және басқа салихтарды) жақсы көреді, олар да Аллаһты жақсы көреді, мүминдердің алдында жұмсақ, кәпірлердің алдында ардақты және қатал, Аллаһ жолында соғысады, ешкімнің жазғыруынан қорқпайды. Бұл Аллаһтың сыйы, оны қалағанына береді.» (Маида 54)

 

2) Ғайыпқа иман келтіру:

Иманда негіз болған нәрсе – ғайыпқа сену. Ғайыпқа иман – Расулуллаһтың пайғамбар ретінде білдірген Ислам дінін ақылға, тәжірибеге және философияға сай болған-болмағанына қарамастан растау, яғни қабылдап, шын көңілімен сену деген сөз. Үш аяти кариманың мағынасы:

«Ол тақуалар ғайыпқа (Расулуллаһтың білдіргендеріне көрместен) сенеді, намаз оқиды және оларға берген мүліктен (зекет пен әр түрлі қайырымдылық үшін) жұмсайды.» (Бақара 3)

«Аллаһтың дініне және Расулдарына ғайыпқа сеніп көмектесушілерді айқындау үшін...» (Хадид 25)

«Сен тек көрместен Раббыларынан қорқатындарға және намаз оқитындарға ескертесің.» (Фатыр 18)

Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Аллаһу та'ала қайырым тілеген құлының көңіл көзін ашады, құл ғайыпқа сенеді.» (Дәйләми)