20 Ақпан 2018   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ашық тұрған кітап сияқты

Ашық тұрған кітап сияқты

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала бәрімізге ғұламалардың әдебін нәсіп етсін! Шах Нақшибәнд хазреттері «Ешбір әдепсіз Аллаһу та'аланың разылығына қауыша алмайды» деген. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Мені Раббым тәрбиеледі» деген. Хазреті Айша анамыздан пайғамбарымыздың мінезі қандай екені сұралғанда: «Оның мінезі – Құран кәрім ахлақы» деген. Яғни Оның өмірі, сөздері – Құран кәрімнің тәфсирі, түсіндірмесі. Әрбір әрекеті Раббымыздың разылығына сай еді. Олай болса, сүйікті пайғамбарымыз әрбір әрекетімен, әрбір сөзімен дініміздің әмірін білдіретін ашық тұрған кітап сияқты еді. Оның мұрагерлері болған Әһли сүннет ғалымдары да Оған толықтай бағынғандықтан, әрқайсысы мүршид болған.

Дінді дұрыс күйде тек қана мүршиди кәмілдің сұхбаты арқылы немесе сондай ғұламаның кітабын оқу арқылы үйрену мүмкін. Өйткені мүршиди кәмілдердің әрбірі ашық тұрған кітап сияқты. Ал мүршид болып көрінген дүмшелер қате кітап сияқты, адамды пәлекетке жетелейді. Барлық құнды діни кітаптар Ислам дінін үйрену үшін қажет. Ал Асхаби кирам (сахабалар) діндерін үйрену үшін кітап оқыды ма? Олардың бұған қажеттілігі жоқ еді. Ашық тұрған кітап, яғни сүйікті пайғамбарымыз олардың алдында еді. Ол сондай кітап, қасындағылар әрі көріп діндерін үйренді, әрі тасаууф тұрғысынан жетілді, яғни Расулуллаһтың жүрегінен шыққан нұрларға, фәйздерге қауышты.

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Сахабаларым аспандағы жұлдыздар сияқты. Қайбіріне ерсеңдер де құтыласыңдар. Сахабаларымды жақсы көрген адам мен үшін жақсы көреді, оларға дұшпан болған адам маған дұшпандық жасаған болады» деген. Дін ғұламаларымыз айтқан: «Имам Раббани хазреттерінің Мәктубат кітабын оқымаған адам Асхаби кирамның ұлылығын түсіне алмайды. Олардың ұлылығын түсінбеген кісі пайғамбарымыздың ұлылығын түсіне алмайды.»

Имам Раббани хазреттері бір хатында былай деген:

«Ештеңе сұхбат сияқты пайдалы бола алмайды. Расулуллаһтың сахабалары сұхбат арқылы өзгелерден, тіпті Уәйсәл Қараниден үстем болды. Алайда Уәйсәл Қарани ең үлкен дәрежелерге көтерілген және сұхбаттан басқа барлық үстемдіктерге ие болған үлкен әулие еді. Сондықтан хазреті Муауияның қателесуі, Расулуллаһтың сұхбаты берекесімен, басқа әулиелердің дұрыс істерінен қайырлырақ болды. Өйткені олардың имандары Расулуллаһты көру арқылы, періштелермен бірге болу арқылы, уахи мен мұғжизаларды көру арқылы, көздерімен көріп тұрып сену болды. Осы аталған үстемдіктер басқа барлық үстемдіктердің негізі, қайнары. Сахабалардан басқа ешкім бұларға қауыша алмаған.» (1/120)