9 - Мухаррам, 1440 жыл.
     19 - Қыркүйек, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Адасқан ағымдар / Уаххабиге «Уаххаби» деуге болады ма?

Уаххабиге «Уаххаби» деуге болады ма?

Сұрақ: Уаххаб – Аллаһу та'аланың есімдерінің бірі болып, Уаххаби сөзін «Уаххаб болған Аллаһқа тиісті» мағынасына келгеніне қарағанда Саудтық адасушыларға уаххаби деп айту қате емес пе?

Жауап: Уаххабилік ағымының негізін құрған Ибн Абдулуаххаб, яғни Абдулуаххабтың ұлы болғандықтан, осы есімге байланысты оларға Уаххаби атауын Әһли сүннет ғалымдары қойған.

Мысалы христиандарға Исауи, яһудилерге Мұсауи делінеді. «Қазіргі заманда өздерін Исауи деп атаған христиандар және Мұсауи деп атаған яһудилер кәпір» деп айтудың зияны жоқ. Өйткені қазір кәпір болмаған Мұсауи немесе Исауи жоқ. Осы күндері көптеген мазһабсыздар өздерін «Біздің мазһабымыз Мұхаммади мазһабы» дейді. «Мұхаммади деген ағым адасқан» деп айтылса, пайғамбарымыз алейһиссаламға еш қатысы болмайды.

Ислам ғалымдары еңбектерінде оларға уаххаби деген. Бірнеше мысал келтірейік:

«Нәжд шөлдерінен шығып, Харамәйнді (Мекке мен Мәдинаны) басып алған уаххабилер өздерінің мұсылман екеніне, өздерінен басқаларының мүшрик екеніне сенеді. Осы себептен Әһли сүннетті және Әһли сүннет ғалымдарының өлтірілуін мубах деп біледі.» (Рәддул мухтар)

«Уаххабилер Әһли сүннетке мүшрик дегені үшін өздері кәпір болды.» (Шәуаһид-ул-хақ)

Ахмед бин Зәйни Дахланның «Хуласат-ул-кәлам» кітабында және Әйюб Сабри пашаның «Тарихи Уәххабиян» кітабында, тағы Сәйид Зәйни Дахланның «Әл-Футухат-ул-Исламия» атты еңбегінің «Фитнатул Уаххабия» тақырыбы астында уаххабилердің қате сенімдері және мұсылмандарға көрсеткен зұлымдықтары мен қорлықтары баяндалған.

Уаххабилердің кәпір екендігі «Нимәти Ислам», «Хуласат-ул-кәлам фи баяни умәраил бәләдил харам», «Минхатул Уаххабия фиррәдди аләл уаххабия», «Әд-Дүрәр-ус-сәния», «Шәуаһид-ул-хақ», «Мират-ул-Харамәйн», «Тарихи Уаххабиян», «Ахмед Жевдет паша тарихы»-ның 7-томында және «Ислам Ахлақы» сияқты көптеген құнды  кітаптарда жазылған.

Уаххабиді уаххаби, кәпірді кәпір деп атаудың зияны жоқ. Кәпірге мұсылман деу немесе мұсылманға кәпір деу қауіпті. Кейбір адамдар христиандарға Исауи мұсылман тіркесін қолданып, бұл кәпірлерді жәннатқа кіргізуге тырысып жүр. Екі дінді адам мұсылман емес. Екі дінді сенімін ұстанып, бір күн мешітке, бір күн шіркеуге барып жүрген адам да кәпір болады.