9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Дұрыс жолды табудың ең жақсы дұғасы

Дұрыс жолды табудың ең жақсы дұғасы

Сұрақ: Ақылды қолданып дұрыс жолды таба алмаймыз ба?

Жауап: Ақылымызға жүгінетін болсақ, дұрыс жолды табуымыз өте қиын болады. Әр топтағы адам «Осы топ дұрыс жолда» деп соған кірген. Бұл мәселеде сәлим болмаған ақыл өлшем бола алмайды. Егер өлшем болса, онда 72 адасқан топ пайда болмас еді. Діни немесе дінсіз топтарға қосылғандар да өз ақылдарын қолданып сол топтарды таңдаған. Дұрыс жолды табу үшін ақыл қолданылатын болса, онда адамның санындай ағым пайда болады.

Аллаһу та'ала Ислам дінін дұрыс үйренуге талпынған адамға соны нәсіп ететінене уәде берген. Раббымыз уәдесінен қайтпайды. Сондықтан «Йа, Раббым! Саған сенемін, сені және пайғамбарларыңды жақсы көремін. Ислам білімдерін дұрыс үйренгім келеді. Маған осыны нәсіп ет, мені дін дұшпандарына алданудан қорға!» деп дұға ету керек, истихара жасау қажет. Аллаһу та'ала оған дұрыс жолды көрсетеді.

Барлық мұсылмандардың дәл осылай дұға етуден тартынбауы керек. «Йа, Раббым, қай топтағы мұсылмандар дұрыс жолда болса, сенің разылығың қайбірінде болса, маған соны нәсіп ете гөр!» деп дұға ету керек. Дұға еткенде дұғаның шарттарына мән беру қажет. Шарттарына сай дұға етілгенде дұға қабыл болады. Дұға қабыл болғанда дұрыс болған хақ жол табылған болады.