9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / МҰСЫЛМАНҒА НАСИХАТ КІТАБЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

МҰСЫЛМАНҒА НАСИХАТ КІТАБЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Бұл кітапта қырық екі тарау бар. Олардың отыз бес тарауында «Фәтх-ул-мәжид» атты уаһһаби кітабынан бір үзінді көрсетіліп, оларға Ислам ғалымдарының кітаптарынан жауаптар берілген. Тараулардың нөмірлері және әр тараудағы кітаптың жазбасы мен олардың кітабымыздағы беттерінің нөмірі төменде көрсетілген. Біздің тарапымыздан қосылған түсініктемелер тік жақшаның [ ] ішінде көрсетілген.

1) Тасаууфшылардың кітаптары ширкке толы екен. Бұған Имам Раббани хазреттері жауап беруде.

2) Амалдар, ғибадаттар иманның бөлшегі екен. Бұған Амали қасидасынан және Хадиқадан жауап берілді.

3) Өлген және алыстағы кісіден көмек сұрау ширк екен.

4) Тасаууфшылар кәпір екен. Мүрид (шәкірт) шайхына (ұстазына) табынады екен. Бұған «Усул-ул-әрбәа» кітабынан аударылып жауап берілді.

5) Кесене жасау, қабірмен берекеттену ширк екен. Бұл жалаларына «Сауаиқ-и илаһия» кітабынан аударылып жауап берілді.

6) Сахабалар мен дін ұлылары пайғамбарымыздан басқа ешкіммен берекеттенбеген.

7) Тасаууф үнді яһудилерінен алынған. Бұған Мұхаммед Масум хазреттерінен жауап берілген.

8) Өліден бір нәрсе күту, әулиелердің рухтары әзір деп айту ширк екен.

9) Расулуллаһты мақтау, одан көмек сұрау ширк екен. Бұған «Мират-и Мәдина» кітабынан жауап берілді.

10) Өліге жалыну арқылы шапағатқа қолжеткізу мүмкін емес дейді.

11) Шайхтарға, Ахмед Бәдәуидің мазарына жұрт табынады екен.

12) Пайғамбар көмектесе алғанда сахабалары арасындағы фитнаның алдын алар еді дейді.

13) Қасида-и бурда сияқты Расулуллаһты мадақтайтын кітаптар ширкке толы екен. Бұған Мұхаммед Масум хазреттерінен жауап берілген.

14) Кесенелерді бұзып құлату керек екен. Бұған Ибн Хажәр хазреттерінің «Зәуажир» кітабынан жауап берілді.

15) Мешітке кіргендердің Хужрә-и саадатты зиярат етуіне болмайды екен. Бұған «Мират-и Мәдина» кітабынан жауап берілді.

16) Оқылған салауаттың Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар берілетіндігін өзі де жазған.

17) Әулиелерден көмек сұрау ширк екен. Бұған ғұлама Ахмед ибн Кәмал мырзадан жауап берілуде.

18) Әулиелердің кереметтеріне күпір, ширк деген. Бұған Имам Раббани хазреттерінен және «Мәуаһиб» кітабынан жауап берілді.

19) Әулиелер керемет сатады екен. Әулие мен зындықтарды бір-бірімен араластырған. Маған жақындау үшін арашы іздеңдер аяты.

20) Аллаһ пен мүминдер саған жетеді аятын қате түсіндірген. Бұған «Бәриқа» кітабынан жауап берілді.

21) Мазһаб имамдарына еру адасушылық екен.

22) Өлілерден шапағат күту ширк екен. Бұған «Хадиқа» кітабынан жауап берілді.

23) Әһли сүннет Қасида-и бурданы Құраннан үстем тұтады екен.

24) Өлі естімейді, пайда тигізбейді. Одан бір нәрсе сұрау ширк болады дейді. Бұған «Минһат-ул-Уәһбия» кітабынан жауап берілуде.

25) Уаһһабилердің ижтиһадтарының қате екенін өздері де айтуда.

26) Қабір зияратына рұқсат берілді. Кейіннен бидғаттар араласты дейді. Бұған «Рабыта-и шәрифа» рисаласынан жауап бердік.

27) Расулуллаһ салауат оқығандарды біледі дей алған.

28) Асхаби кирамның және Табииннің үстемдіктерін баяндаған.

29) Тіріден көмек сұралады. Өліден сұрауға болмайды дейді. Бұған «Мәрақ-ил-фәлаһ» және «Зәуажир» кітаптарынан жауап берілуде.

30) Өліге нәзір ету, мал сою ширк екен. Бұған «Минһат-ул-Уәһбия» кітабының соңындағы «Әшәдд-ул-жиһад» кітабында араб тілінде жауап берілген.

31) Уаһһабилерге қатысты фәтуа. Бұл фәтуаның негізі «Минһатул-Уәһбия» кітабының соңында араб тілінде бар.

32) «Жауаб-и Нуман» атты уаһһаби кітабына «Мәктубат»-тан жауап берілді. Мәуліт қиссасын және Дәлаил-ул-хайратты оқудың рұқсат екені дәлелденді.

33) Тасаууф және тариқаттар кейіннен пайда болды. Оларды Ислам діні әмір етпеген дейді. Бұған Санауллаһ Дәһләуидің «Иршат-ут-талибин» кітабынан жауап берілді.

34) Тасаууф пен кереметке сенбейтіндерге «Хадиқа» кітабынан жауап берілді.

35) Қиямет күні әркім жақсы көргенімен бірге болады.

36) Уаһһабиліктің басталуы және таралуы.

37) Уаһһабиліктің пайда болуы және олардың сенімдері «Мират-ул-харамайн»-нен алынды.

38) Уаһһабилердің Таифте мұсылмандарды өлтіруі және қырып-жоюы.

39) Уаһһабилердің Меккеде көрсеткен қорлықтары «Мират-ул-харамайн»-нен алынды.

40) Уаһһабилердің Мәдинаға кіруі және қырып-жоюы «Мират-ул-харамайн»-нен алынды.

41) Қасиетті қалалардың уаһһабилерден кері алынуы.

42) Мекке мен Мәдина қалаларын Осман Империясы уаһһабилерден құтқарғаннан кейін жасалған құнды еңбектер.

 

Ауылды жерде, жолда намаз оқығанда құбыла бағытын табу үшін күнді көріп тұрған кісі жерге бір шыбық қадалады, яки бір жіптің ұшына кілт, тас сияқты бір нәрсе байлап, салбыратады. Күнтізбе бетінде жазылған «Құбыла сағаты» уақытында шыбықтың, жіптің көлеңкесі құбыла бағытын көрсетеді. Көлеңкінің күн тарапындағы бағыты құбыла болады.