10 - Рабиул-ахир, 1440 жыл.
     17 - Желтоқсан, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Ең жаман нәрселер

Ең жаман нәрселер

Сұрақ: Ең жаман нәрселерге нелер жатады?

Жауап: Жаман болған нәрселер көп, бірақ кейбірлер одан да жаман. Хадис шәрифте айтылған бірнешеуі төменде:

«Адамдардың ең жаманы – зиянынан құтылу үшін қасына ешкім жақындамайтын адам.» (Бұхари)

«Адамдардың ең жаманы – өмірі ұзын, амалы жаман болған кісі.» (Тирмизи)

«Адамдардың ең жаманы – екі жүзді болған кісі.» (Бұхари)

«Адамдардың ең жаманы – тез ашуланатын, кеш басылатын кісі.» (Тирмизи)

«Адамдардың ең жаманы – адамдарға зиян тигізетін, оларды ренжітетін кісі.» (И.Ахлақы)

«Адамдардың ең жаманы – жаман ғалымдар.» (Бәззар)

«Адамдардың ең жаманы – мүмкіндігі бар бола тұра бала-шағасының ризығын қысқан кісі.» (Табарани)

«Ақымақтықтың ең жаманы – мұсылмандықты тастап, басқа дінге ауып кету.» (Дәйләми)

«Амалдардың ең жаманы – бидғат.» (Бұхари, Мүслим, Нәсаи)

«Жаратылыстардың ең жаманы – бидғатшылар.» (Әбу Нуайм)

«Ең жаман ауру – сараңдық.» (Дара Құтни)

«Ең жаман тамақ – байлар шақырылған, ал кедейлер шақырылмаған ас.» (Бұхари)

«Ең жаман ұры – намазынан ұрлаған кісі. Ол руку мен сәждеден ұрлайды.» (Табарани)

«Ең жаман өкіну – қиямет күніндегі өкіну.» (Бәйһақи)

«Ең жаман қарт – ғапілдік пен нәпіске еруде жастарға ұқсауға тырысқан кісі.» (Табарани)

«Ең жаман қасиет – сараңдық және аса қорқақтық.» (Бұхари)