18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Қиямет және Ахирет" кітабы / УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (8)

УАҺҺАБИ СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӘҺЛИ СҮННЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ОЛАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ (8)

8) «Фәтх-ул-мәжид» кітабының жүз алпыс сегізінші және үш жүз елу үшінші берттерінде: «Аллаһу та'ала мен құлдары арасында біреуді арашы қылу, одан бірнәрсе сұрау бірауыздан күпір болады. Ибн Қайим өліден бір нәрсе сұрауды, одан Аллаһу та'аланың алдында шапағат етуін тілеуді үлкен ширк деді. Ханафи кітаптарынан Фәтәуа-и Бәззазия әулиелердің әруақтары қасымызда әзір деген адам кәпір болады деген. Мәйітте сезім мен әрекеттің жоқ екендігі аяттардан және хадистерден аңғарылуда» делінген.

Жетпісінші бетінде «Укаша жәннатқа есепсіз кіруге Расулуллаһтан дұға сұрады. Бұл оқиға тіріден дұға сұрауға болатынын көрсетуде. Бірақ ғайыптан және өліден дұға сұрау ширк» деген.

Расулуллаһтың дұғасы қабыл болғанындай, Оның жолымен, ізімен жүргендердің де дұғасы қабыл болады. Өзі де үш жүз сексен бірінші бетте Имам Ахмед пен Мүслим (рахимә-һумуллаһу та’ала) Әбу Хурайрадан (радиаллаһу та’ала анһ) жеткізген хадис шәрифте «Шаштары алба-жұлба, есіктерден қуылатын сондай адамдар бар, бір нәрсеге ант етсе, Аллаһу та'ала олардың сөзін дұрыс қылу үшін сол нәрсені жаратады» делінгенін жазған. Аллаһу та'ала сүйікті құлдарын өтірікші қылып шығармау үшін ант еткен нәрселерін жаратса, дұғаларын әрине қабыл етеді. Аллаһу та'ала «Мүмин» сүресінің алпысыншы аятында: «Менен тілеп дұға етіңдер! Дұғаларыңды қабыл етемін» деген.

Дұғалардың қабыл болуының шарттары бар. Осы шарттары орындалған дұға әлбетте қабыл болады. Бұл шарттарды бәрі толық орындамағандықтан, дұғалары қабыл болмайды. Осы шарттарды орындағанына көзіміз жеткен ғалымдарымыздың, әулиелеріміздің дұға етуін олардан сұрау неліктен ширк болсын? Біз «Аллаһу та'ала сүйіктілерінің рухтарына естіртеді, олардың құрметіне тілектерімізді жаратады» дейміз. Аллаһу та'ала үшін мал сойып, Құран кәрім оқимыз. Сауабын мәйіттің рухына бағыштап, одан шапағат, көмек сұраймыз. Өліге ғибадат жасаған адам әлбетте мүшрик болады. Аллаһу та'алаға ғибадат жасап, сауабын өліге бағыштаған адам мүшрик болмайды және мүлдем қате істеген болып саналмайды. Осыларды араб тіліндегі «Минһат-ул-уаһһабия» кітабы өте жақсы баяндаған. Сол жерден түрік тіліне (кейін қазақ тіліне) аударып, жиырма төртінші бөлімде жаздық. Хазреті Мәриәмнің және Әсияд бин Худайрдың, Әбу Мүслим Абдуллаһ Хауланидің (рахимә-һумуллаһу та’ала) кереметтерін ол өзі де жазған. [Абдуллаһ Хаулани (рахметуллаһи алейһ) 62 жылы Шамда қайтыс болды.] Әулиелердің (рахимә-һумуллаһу та’ала) рухтарынан жәрдем сұраймыз. Өйткені Аллаһу та'аланың сүйікті құлдарының рухтары тірі кезде де, өлгеннен кейін де Аллаһу та'ала берген күш-қуатпен және рұқсатымен тірілерге көмектеседі. Осылай сеніп әулиелерден (рахимә-һумуллаһу та’ала) көмек сұрау Аллаһу та'аладан өзгеге табынуға жатпайды. Одан сұрау болып саналады. [Халқымызда "Ата-бабалардың аруағы қолдасын" деген сөз Исламдағы дәл осы дұрыс сенімге сүйенуде.]

[Фәтауа-и Бәззазия кітабының авторы Ибнулбәззаз Мұхаммед Кәрдәри 827 [м.1424] жылы қайтыс болды.]

Уаһһаби кітабы «Алламә» (ғұлама) деп мақатап, жазбаларын өздеріне дәлел ретінде қолданып жатқан Ибн Қайим Жәузия 751 [м.1350] жылы қайтыс болды. Оның «Китаб-ур-рух» атты еңбегінде «Бір адам қабірді зиярат етіп барғанда қабірде жатқан мәйіт келген кісіні біледі, таниды. Оның дауысын естіп, рахаттанады. Сәлеміне жауап береді. Бұл жағдай тек шәһидтерге ғана тән емес, басқа мәйіттер де осындай. Белгілі бір уақытқа да тән емес, кез келген уақытта осындай» дегендігі «Әл Бәсаир» кітабының жиырма екінші бетінде жазулы. Уаһһабинің жоғарыда жазғаны өз ғұламаларының осы сөзіне қайшы келуде. «Әл бәсаир ли-мүнкир-иттәуәссул-и би-әһлил мақабир» кітабы Пәкістанда, кейін 1980 жылы Стамбұлда басылған.