19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дұға етпеу қайғылардың ең үлкені

Дұға етпеу қайғылардың ең үлкені

         Дұға – тілеу, жалынып-жалбарыну, сұрау дегенді білдіреді. Кез-келген адамның өз қалауларының жүзеге асуы үшін немесе басқа адамның өз тілегеніне қауышуы үшін Аллаһу та’алаға жалбарынуы деген сөз. Аллаһу та’ала Мүмин сүресінің алпысыншы аятында: «Маған таза (ықыласты) жүректеріңмен дұға етіңдер. Дұғаларыңды қабыл етемін.» деп бұйырған. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Аллаһу та’аланы ұмытып, ғафлетпен (ықылассыздықпен) етілген дұға қабыл болмайды.» деген.

 

         Дұғаның қабыл болып-болмағанына емес, дұға еткенде орындалуы керек болған шарттарының орындалып-орындалмағанына алаңдау керек. Өйткені, шарттарына сай жасалған дұға міндетті түрде қабыл болады. Мұны аяттар мен хадис шәрифтер білдіруде. Хазреті Мәулана Халид Бағдади былай дейді: «Тек қана  дұға етіп өз-өзімізді алдамайық. Аллаһу та’аланың жаратқан заңдылықтарына мойынсұнбай, себептеріне жабыспай, еңбек етпей дұға ету мұғжиза тілеу деген сөз. Мұсылмандық әрі еңбек етумен, әрі дұға етумен жүзеге асады. Әуелі себебіне жабысу керек (яғни мақсатыңа қауыштыратын себептерді орындау керек), одан кейін дұға ету керек.»

 

         Хазреті Имам Ғазали: «Дұғаның әдептерінің бірі – өзіңнің әлсіз екеніңді білдіру, тұнық оймен, хушумен (ықыласпен, кемшіліксіз, басқа еш нәрсе ойламай, беріліп), Аллаһтан қорқып, дұғаңның қабыл болатынын үміт етіп, тілеуіңді тұрақты түрде жалбарынып сұрау.” деген.

 

         Құл барлық уақытта Иесіне, Жаратқанына мұқтаж. Аллаһу та’ала барлық нәрсені себептермен байланыстырып жаратқаны үшін, себептерге жабысу әмір етілді. Себептерге жабысамыз және дұға етеміз. Өйткені дұға етуімізді Өзі қалауда және әмір етуде. Ниғметке кенелген уақытымызда да, бәлеге ұшыраған уақытымызда да дұға етуіміз әмір етілді.

 

         Хазреті Имам Раббани былай дейді: «Дұға етуіміз әмір етілді. Құлдың Раббысына дұға етуі, жалынып-жалбарынуы,сыйынуы, жылауы Раббысына ұнамды келеді.»

 

         Бәле келгенде Аллаһу та’алаға жалбарынбау, дұға етпеу – келген бәледен де үлкен өкініш, одан да өткен қасірет болып табылады. Хазреті Мұхаммед Масум былай дейді: “Бәле Аллаһу та’аладан келеді. Бәледен құтқаратын да Аллаһу та’ала. Әр қайсысының белгілі уақыты бар. Уақыттарын өзгерту мүмкін емес. Шағымдану пайда бермейді. Оған сыйынып дұға етілсе, ешқандай да қайғы-қасірет қалмайды. Дұға етпеу – қайғылардың ең үлкені.”

 

         Шарттарына сай жасалған дұғаның нәтижесінен алаңдамау керек және бұл жөнінде асықпау керек. Бір күні Пайғамбарымыз: «Құл күнә істемейінше немесе сила-и рахимді тәрк етпейінше (туыстарымен ара-қатынасын үзбейінше) және асықпайынша дұғасы қабыл болады.» деп бұйырған. Сол жердегі сахабалардың кейбіреулері: “Йа Расулаллаһ, асығу қалай болады?” деп сұрағанында, пайғамбарымыз: «Дұға еттім бірақ қабыл болғанын көрмедім деп, дұға етуді ығыстырып қояды.» деп жауап берді.          Дұға еткенде Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарын ортаға қойып, олардың құрметі үшін деп дұға ету керек. Өйткені Пайғамбарымыз: «”Аллаһүммә инни әсәлукә билхаққиссә’илинә аләйкә”, яғни “Йа Раббым! Сенен сұрағанда тілегенін берген адамдарыңның құрметі үшін сұраймын” деп дұға ететін және осылай дұға етіңдер!» деп айтатын.

         Хазреті Абдулқадир Гәйлани былай дейді: «Аллаһу та’аладан дүние мен ахыреттің жақсылықтарын тіле. “Мен тілеп жүрмін, бірақ Аллаһу та’ала бермей жатыр, енді бұдан кейін тілемеймін” деуші болма. Дұға етуді тоқтатпа. Егер тілеген нәрсең әзелде тағдырыңа жазылған болса, тілегеніңнен кейін Аллаһу та’ала оны саған береді. Егер ол сұраған ризқың әзелде тағдырыңа жазылмаған болса, Аллаһу та’ала сені ол нәрсеге мұқтаж етпейді және Өзінен келгендерге разылық білдіру ниғметін ихсан етеді. Егер Аллаһу та’ала сен үшін кедейлік пен ауру-сырқат қалаған болса, сен кедейлік пен ауру-сырқаттан құтылу үшін Аллаһу та’алаға жалбарынасың. Сонда Аллаһу та’ала саған сені разы ететін және қанағаттандыратын хал береді. Егер әзелде қарыз болуың жазылған болса және сен сол қарыздан құтылу үшін дұға етсең, Аллаһу та’ала сенің қарыз алған адамыңды сенімен жаман мәміледе болу халінен бастартқызады. Тіпті қарызыңды азайтып немесе қарызыңды түгелдей саған сыйлау халіне ауыстырады. Егер бұл дүниеде қарыз болған халіңнен құтқармаса, мұның орнына көп сауап береді.»          Бір күні хазреті Ахмед бин Аләуидің бір шәкіртінің баласы қайтыс болады. Шәкірті бұған қатты қайғырады. Баласын құшағына алып, ұстазының алдына әкеледі де: “Ұстазым, Аллаһу та’алаға дұға етіңізші, баламды тірілтсін немесе менің де жанымды алсын” дейді. Хазреті Ахмед бин Аләуи шәкіртіне: “Сен үшін қайырлы болатын дұға етемін. Балам, тағдырға разы болуың керек. Аллаһу та’ала бұл балаңды саған аманат етіп берді. Енді, қайта алып жатқанында саған көп сауап, жақсылық береді, саған аяушылық көрсетіп дұрыс жолда ілгерілеуіңді, жоғары дәрежеге көтерілуіңді ихсан етеді. Мұндай мейрімділікке және ихсанға қауыша алу үшін сабыр етіп, Оның жазғанын ұнатуың керек. Ашуланып, айқай-шу шығарсаң сауапқа қауыша алмайсың. Оның әміріне разы болып, маңдайыңа жазылғанға разылық білдіруің керек.” деп жауап береді де дұға етеді.

 

         Дұға етуді тастамау керек, бірақ, шарттарына сай етіп жасау керек. Өйткені хазреті Али Рамитани былай дейді: «Дұғаларыңның қабыл болуы үшін, Аллаһу та’алаға ешқашан қарсы келмеген тілдеріңмен дұға етіңдер.»

 

         Хазреті Яхья бин Маин да: “Аллаһу та’алаға мойнсұну қазынаға ұқсайды. Бұл қазынаның кілті – дұға. Бұл кілттің тісі – халал азық.” деген.