19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Намаз / Азанның оқылуы

Азанның оқылуы

Аллаһу әкбар

4 рет

Әшһәду әлла илаһә иллаллаһ

2 рет

Әшһәду әннә Мұхаммадар-Расулуллаһ

2 рет

Хайә аләс-саләһ

2 рет

Хайә аләл фәлах

2 рет

Аллаһу әкбар

2 рет

Ла илаһә илләллаһ

1 рет

 

Тек таң намазында «Хайә аләл фәлах тан» кейiн 2 рет «Ас-саләту хайрум минан наум» деп айтылады. Қамат айтатын кезде «Хайә аләл фәлахтан» кейiн екi рет «Қад қамәтис-саләһ» деп айтылады.

 

Азан дұғасы

 

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір хадисiнде былай деген: «Азан оқылған кезде мына дұғаны оқыңдар:» Уә әнә әшһаду әлла илаһә иллаллаһу, уаһдәһу ла шәрика ләһ, уә әшһаду әннә Мұхаммадән абдуһу уә расулуһ, уә радиту биллаһи Раббән, уә бил Ислами динән, уә би Мұхаммадән (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) расулан нәбиян».

Басқа бiр хадис шәрифiнде былай деп бұйырған: «Ей, менiң үмметiм азан бiткен соң мына дұғаны оқыңдар: «Аллаһуммә раббә һәзиһид дауәтит таммәти, уәс саләтил қаимәти, ати Мұхаммадәнил-уәсиләтә уәл фадийләтә, уәд-дәражатар-рафийъа, уә бъасһу мақамән махмудәнил лазий уа адтәһу, иннәкә ла тухлифул миаад».

 

Азан сөздерiнiң мағыналары

 

Аллаһу әкбар: Аллаһу та’ала - Ұлы. Ол еш нәрсеге мұқтаж емес. Құлдарының ғибадатына да мұқтаж емес. Ғибадаттардың оған ешқандай пайдасы жоқ. Осы теңдессiз мағыналар саналарға жақсылап орнығып, жете түсiнуi үшiн Аллаһу әкбар сөзiн төрт рет қайтару бұйырылды.

Әшһаду әлла илаһә иллаллаһ: Ұлылығымен, үстемдiгiмен ешкiмнiң ғибадатына мұқтаж болмаған халде, ғибадат етілуге одан басқа еш кімнің құқы жоқтығына күәлік етемін, әрі сенемін. Еш нәрсе оған ұқсамайды.

Әшһаду әннә Мұхаммадар Расулуллаһ: Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан жiберiлген пайғамбар екендiгiне, Аллаһ бұйырған ғибадаттарды үйрететiн ұлы тұлға екендiгiне және Аллаһу та’алаға тек ол алейһиссалам бiлдiрген, көрсеткен ғибадаттар ғана ұнайтынына күәлік етемін әрі шын жүректен сенемiн.

Хайә аләс-саләһ, Хайә аләл фәлах: Мүміндерді рахатқа, табысқа, құтылуға, бақытқа шақыратын екi сөз.

Аллаһу әкбар: Оған лайықты ғибадатты еш кім орындай алмайды. Қандай да бір адамның ғибадатының Оған лайықты, жарасымды болуынан әлде қайда ұлы және ұзақ.

Ла илаһә илләллаһ: Ғибадат етілуге, құзырында тағзым етілуге ақысы болған зат тек Аллаһ. Бірақ Оған лайық ғибадатты ешкім орындай алмайды.

Намаздың қаншама ұлы болғанын, оған шақыратын осы азан калималарының ұлылығынан да түсінуге болады.