10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ниғметтің қадірін білу

Ниғметтің қадірін білу

Мал-мүлік Аллаһу та’аланың берген ниғметі. Ахырет үшін көп сауап жинау мал-мүлікпен жүзеге асатынындай, дүниемен ахырет мал-мүлікпен көркейеді, оңай болады. Қажылық, жиһад сауаптары мал-мүлік арқылы алынады. Деннің саулығы, қуатты болуы мүлікпенен жүзеге асады. Өзгеге мұқтаж болудан қорғайтын да мал-мүлік. Садақа беру, туыстармен араласу, оларға қамқор болу, кедейлерге көмектесу мал-мүлікпен болатын дүние. Мешіттер, мектептер, ауруханалар, жолдар, су құбырлары, көпірлер салып адамдарға қызмет ету де мал-мүлікпен іске асады. Дініміз «Адамдардың ең жақсысы пайдасы адамдарға ең көп тиетіні.» деп бұйырған.    

 

Адамдарға көмектесу үшін еңбек етіп, ақша табу нәпіл ғибадат жасаудан да үлкен сауап. Жәннаттың биік дәрежелеріне мал-мүлікпен қол жеткізіледі. Хадис шәрифте «Аллаһу та’ала бір құлына мал-мүлік және ілім берсе, бұл құл да харамдардан қашып, туыстарын қуантып, мүлкінен ақысы (үлесі) болғандарды біліп ақысын берсе, жәннаттың биік дәрежелеріне қауышады.» деп бұйырылған.

 

Хазреті Абдуллаһ ибн Мәсуд хабар берген бір хадис шәрифте: «Мына екі нәрсенің біреуіне қауышқан адамға әуестенсең болады. Біріншісі Аллаһу та’аланың бір адамға Ислам ілімдерін ихсан етіп, ол да әрбір әрекетін соған сәйкес жасайды. Екіншісі Аллаһу та’ала біреуге көп мал-мүлік беріп, бұл адам да мал-мүлкін Аллаһу та’аланың разы болған, ұнатқан жерлеріне жұмсайды» деп бұйырылды.

 

Пайғамбарымыз Амр ибн Ас хазреттері үшін «Жақсы адамға мал-мүліктің жақсысы өте керемет жарасады.» деген.

 

Аллаһу та’ала Құран кәрімде мал-мүлікті “қайырлы нәрсе” деп атаған және сүйікті пайғамбарына берген ниғметтерді есіне салып «Сен мүліксіз едің, саған ешкімге мұқтаж болмайтындай мал-мүлік бердім» деп бұйырған.

 

Ислам ғалымдарының ұлыларынан болған Суфйан Сәури хазреттері «Бұл заманда мал-мүлік адамның қаруы» деп білдірген. Яғни адам жанын, денсаулығын, дінін, абыройын мал-мүлкімен қорғайды.

 

Мал-мүлікті және дүниелікті жамандайтын хабарлар да көп. Бірақ бұл хабарлар мал-мүлікпен дүниелікті емес, бұларға деген махаббатты, бұларды зиянды жолда қолдануды жамандаған. Адамның бұзылуына, Аллаһу та’аланы ұмытуына, ғибадаттарына кедергі болуына себепші болған мал-мүлік зиянды. Өлімді және өлімнен кейінгіні ұмыттыратын мал-мүлік те зиянды. Мал-мүлік бір-біріне қарама-қайшы болған екі нәрсеге, яғни жақсылыққа немесе жамандыққа себепші болады. Жақсылыққа себеп болған мал-мүлік мақталған, ал жамандыққа себеп болған мал-мүлік жамандалған.

 

Ал ысырап (исраф) дегеніміз мал-мүлікті жою, зая кетіру, пайдасыз халге түсіру, дінге және дүниеге пайдалы болмайтын түрде жұмсау деген сөз. Мүлікті теңізге, құдыққа, отқа және қолдан кетуіне себеп болатын жерлерге тастау, оны жою деген сөз. Қолданылмайтын халге түсіру, сындыру, кесу, жемістерді, егінді жинамай шіріту, малдарды суықтан, ұрыдан қорғалатындай жерде ұстамау және суықтан, ыстықтан және аштықтан өлмейтіндей жем-суын бермеу, қарамау да жоюға жатады, бәрі де ысырап болады.       

 

Сондай-ақ егін және жемістерді жинағаннан кейін бұларды дұрыс сақтамай өздігінен бұзылуына, нәмденіп шіруіне немесе құрт-күйе секілді жәндіктердің жеуіне жол беру де ысырап болып табылады. Нан, ет, ірімшік секілді азықтардың, қарбыз, пияз секілді егін өнімдерінің, миіз, өрік, алма қақтары секілді кептірілген жемістердің, бидай, арпа секілді дақылдардың және киім-кешек, мата, кітап секілді заттардың осылай ысырап етіліп жатқаны көп көрілуде.    

 

Тамақтың артылғанын төгу, қасықтағы, табақтағы жұғынды нанмен немесе саусақпен сыйырып жеместен ыдыстарды және саусақтарды жуу немесе сүрту де ысырапқа жатады. Тамақ пісірерде бұршақ, күріш, нохат секілді дақылдарды жуғанда төгу және төгілгендерді жинап алмай тастап жіберу де ысырап. Дастархан және стол үстіне түскен нан және нан ұсақтарын жинамай тастау да ысырап. Бұл ұсақтарды жинап ит-мысыққа, тауыққа, малға, құстарға және құмырсқа секілді жәндіктерге беру ысырап болмайды. Тойғаннан кейін жеу де ысырапқа жатады. Бірақ қонақ ұялмасын деп үй иесінің тойғаннан кейін де жеуі және оразаны қиналмай тұту үшін сәре уақтында артығымен жеуі ысырап болмайды.

 

Расулуллаһ алейһиссалам түрлі жемістер жеген және Абдуллаһ ибн Аббас хазреттеріне: «Қалағаныңды же, қалағаныңды ки! Адамды қате жолға түсіретін ысыраппен тәкаппарлық.» деген.

 

Аяти кәрималарда және хадис шәрифтерде білдірілгеніндей мал-мүлік үлкен ниғмет болып табылады. Мал-мүлікті ысырап ету болса, Аллаһу та’аланың ниғметін аяқ асты ету, қадірін білмеу, қолдан жіберу, яғни жақсылықты түсінбегендік, шүкір етпегендік болады. Бұл болса ниғметті берушінің жазғыруына және азап беруіне себеп болатын нәрсе. Ниғметтің қадірі білінбесе, орнымен қолданылмаса, шүкір етілмесе қолдан кетеді. Шүкір етілсе және орнымен қолданылса қолда қалады және көбейе түседі. Өйткені Ибраһим сүресінің жетінші аяти кәримасында «Шүкір етсеңдер берген ниғметтермді арттырамын» деп бұйырылған.