11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Лағынет және бетдұға (қарғыс)

Лағынет және бетдұға (қарғыс)

Сұрақ: Кейбір хадис шәрифтерде “лағынет болсын” делінген. Лағынет деген не? Жаман әке-шешенің баласына жасаған қарғысы қабыл бола ма?

Жауап: Лағынет болсын дегеніміз Аллаһу та’аланың рахметінен (мейірімінен) ұзақ болсын дегенді білдіреді. Лағынет айту, бетдұға айту (қарғау) жақсы емес. Өйткені хадис шәрифте: «Бір адам лағынет айтқанда, лағынет айтылған адам бұған лайықты емес болса, бұл лағынеті өзіне қайтады.» делінген. (Бәйһақи)

Хазреті Ибн Мүбәрәк баласынан шағымданып келген адамға “Балаңа бетдұға (қарғыс) айттың ба?” деді. Ол “Иә” дегенінде “Онда балаңның мінезін сен бұздың” деп айтқан.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Әке-шешенің дұғасы иләһи хиджабқа жетеді және бұл хиджабты асады.» (Ибн Мажә)

«Әке-шешенің баласына және зұлымдық көрген адамның залымға жасаған бетдұғасы (қарғысы) қайтарылмайды.» (Тирмизи)

«Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе бетдұға етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады.» (Мүслим) 

Жаман әке-шешенің кінәсыз, жақсы баласына айтқан бетдұғалары (қарғыстары) қабыл болмайды. Жазықсыз адамға жасалған бетдұғалар қабыл болмайды.

 

Сұрақ: “Әке-шешенің, зұлымдыққа ұшыраған адамның және қонақтың дұғасы қабыл болады” деп айтылады. Бұлар әділетсіз түрде, жөнсіз бетдұға етсе де қабыл бола ма?

Жауап: “Әке-шешенің, зұлымдыққа ұшыраған адамның және қонақтың дұғасы қабыл болады” дегеніміз “Әке-шешенің баласына жасаған игі дұғасы, зұлымдыққа ұшыраған адамның (кәпір де болса) өзіне зұлымдық еткен залымға еткен бетдұғасы, қонақтың үй иесіне жасаған жақсы дұғасы қабыл болады” дегенді білдіреді. Әйтпесе қонақтың жазықсыз болған үй иесіне жасаған бетдұғасы қабыл болмайды.

Зұлымдыққа ұшыраған адамның өзіне зұлымдық етпеген басқа біреуге жасаған бетдұғасы қабыл болмайды. Әке-шешенің баласына жасаған жақсы дұғасы қабыл болады. Жаман әке-шешенің жазықсыз және жақсы болған баласына жасаған бетдұғасы қабыл болмайды.

Қысқаша айтқанда жазықсыз түрде жасалған бетдұға қабыл болмайды. Бетдұға (қарғыс) айтуға әдеттенбеу керек! Өйткені хадис шәрифте: «Өздеріңе, бала-шағаларыңа және мал-мүліктеріңе бетдұға етпеңдер! Дұғалардың қабыл болатын уақытқа тура келіп бетдұғаларың қабыл болады.» делінген. (Мүслим)

 

Сұрақ: Әке-шешем жақында ажырасты. Әкем анамды меңзеп, анам әкемді меңзеп “Егер онымен көрісетін (араласатын) болсаң, сенен разы болмаймын, бетдұға етемін” деді. Бұлай жазықсыз жасалған бетдұғалары өте ме?

Жауап: Өтпейді. Жасырын көрісіп тұру керек.

 

Сұрақ: Әкем маған бетдұға етті. Кейін қайтыс болды. Қазір ісім алға баспай келеді, не істесем болады?

Жауап: Тәубе, истиғфар айтуды әдетке айналдыру керек. Жақсы амалдар істеп сауабын бағыштау керек.

 

Сұрақ: Бір жігіттің үйлену ұсынысын қабыл етпедім. Бұған ол “Аллаһ бәлеңді берсін” деді. Қазір денсаулығым нашарлап кетті. Денсаулығымның бұзылуы әлгі жігіттің қарғысынан ба екен? Онымен халалдасуым керек пе?

Жауап: Үйлену ұсынысын қабыл етпеумен ақы өтпейді. Әділетсіз, жазықсыз жасалған бетдұға да қабыл болмайды. Халалдасу керек емес.

 

Сұрақ: Хадис шәрифте “Фитна шығарғанға Аллаһ лағынет етсін” делінген. Лағынеттің мағынасы не? Лағынетті нәрсе істегенде адам Ібіліс сияқты лағынеттелген бола ма? Яғни қайтадан мұсылман бола алмайтындай түрде кәпірге айнала ма?

Жауап: Жоқ. Лағынеттің бірнеше мағынасы бар. Ең жаманы Аллаһтың рахметінен (мейірімінен) ұзақ болу деген мағынада қолданылады. Лағынетті іс істеп кейін тәубе етсе, Аллаһтың мейірімінен ұзақ қалмайды.