18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Қайтсек шүкір еткен боламыз?

Қайтсек шүкір еткен боламыз?

Сұрақ: Аллаһқа шүкір ету деген не және ол қалай орындалады?

Жауап: Имам Раббани хазреттері: «Аллаһқа шүкір ету – Оған сеніп, әмір мен тиымдарына мойынсұну арқылы іске асады.» деген. (Мәктубат 3/47)

Бір аяти кәримада былай делінген:

«Йа Мұса, саған берген әмір мен тиымдарыма жабысып, шүкір еткендерден бол!» (Араф 144)

Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Бір ниғметке Әлхамдулиллаһ деген адам, ниғметтің шүкірін жасаған болады.» (Бәйһақи)

Құран кәрімде үш нәрсе үш нәрсемен бірге білдірілді. Бірі орындалмаса екіншісі қабыл болмайды:

1) Расулуллаһқа мойынсұнылмайынша Аллаһу та'алаға мойынсұнылған болмайды.

2) Ата-анаға шүкір (оларды разы қылмағанша) етпейінше Аллаһу та'алаға шүкір етілген болмайды,

3) Зекет берілмейінше намаздар қабыл болмайды. (Тәфсири Муғни)

Шүкір еткен құтылады. Бір аяти кәримада былай делінеді:

«Аллаһқа иман келтіріп, ниғметтеріне шүкір ететін болсаңдар, сендерге неге азап берсін?» (Ниса 147)

Шүкір ететін адамның табысы не болмақ? Құран кәрімде былай делінді:

«Шүкір етсеңдер әлбетте ниғметімді арттырамын» (Ибрахим 7)

«Біз шүкір еткендердің марапатын береміз.» (Али Имран 145)

Шүкір ету осыншалықты маңызды болса да бәрібір шүкір ететіндер өте аз. Бір аятта былай делінеді:

«Құлдарымның арасында шынайы шүкір ететіндер аз.» (Сәбә 13)

Имам Раббани хазреттері былай дейді:

Исламның бес шартын орындаған адам ниғметтерге шүкір еткен болады. Шүкір еткен адам жаһаннам азабынан құтылады. Салих амал исламның бес шарты болып табылады. Бір құл Исламның осы бес шартын шын көңілмен, кемшіліксіз орындайтын болса, жаһаннамнан құтылады. Өйткені, осы салих амалдар оны күнәлар мен жаман нәрселерден сақтайды. Бір аятта былай делінеді:

«Кемшілксіз оқылған намаз адамды жаман істерден сақтайды.» (Анкәбут 45) (Мәктубат 1/304)

Мына үш хадис шәрифте шүкірдің маңыздылығы турасында былай делінеді:

«Ниғметке қауышқанда шүкір ететін, пәлекетке душар болғанда сабыр ететін, біреудің ақысын жегенде кешірім сұрап, зұлымдыққа ұшырағанда кешірімді болатын болса, ол амандық пен хидаятта болады.» (Табарани)

«Мұсылманның әр ісі жақсылық. Ниғмет келгенде шүкір етіп жақсылыққа қауышады. Пәлекет келгенде сабыр етіп тағы да жақсылыққа қауышады.» (Мүслим)

«Мына үш нәрсе иманның белгісі: Бәлеге сабыр, ниғметке шүкір, қазаға (тағдырға) разылық.» (Ихйа)