10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   


Зиллуллаһ

Сұрақ: Кейбір кітаптарда “зиллуллаһ” сөзі – “Аллаһтың көлеңкесі” деп аударылған. “Зил” сөзі тек қана көлеңке деген мағынаны білдіре ме? Көлеңке делінген кезде сөйлемнің мағынасы өзгеріп кетпей ме? Аллаһ құдды дене секілді түсініледі. Бұл сөздердің дұрыс аудармасы қандай?

Жауап:  Зил – қамқорлық, қорғау сияқты мағыналарға да келеді. Мәселен, хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала өзінің қамқорлығынан басқа ешқандай қамқорлық көрсетілмейтін қиямет күнінде жеті топ адамдарды өзінің көлеңкесіне (қамқорлығына) алады.» (Бұхари)

Көлеңке сөзі –“камқорлық” мағынасында да қолданылады. Мысалы: “Самат Күзенбайдың көлеңкесінің астында күнелтеді” деген кезде Саматтың Күзенбайдың қамқорлығында екендігі аңғарылады. Адамдар үшін көлеңке сөзін қолданудың еш зияны жоқ. Сәләфишілер Аллаһу та’аланы дене секілді көрсетіп, аспанда, көкте екендігін айтады. Мұндай қате түсінілетін сөздерді міндетті түрде тәуилмен түсіндіріп жазу керек! Тағы бір мысал.  Хадис шәрифте былай делінеді:

«Патша – жер бетінде Аллаһтың көлеңкесі. Оған құрмет көрсеткен адам құрмет көреді. Опасыздық жасаған адам опасыздыққа душар болады.» (Табарани)

«Патша – Аллаһтың көлеңкесі» деген сөз «Патша – Аллаһу та’аланың әмірлерін орындау өкілеттілігіне ие адам» дегенді білдіреді. Сондықтан “зил” сөзін көлеңке ретінде аудару қате мағыналардың шығуына себеп болады.

«Дін – қылыштардың көлеңкесінің астында» деген хадис шәрифтің мағынасы «Дін – мемлекеттің қамқорлығымен таралады. Ислам - әр түрлі қару-жарақтарды жасау және оларды дұрыс жолда қолдану арқылы берік болады» дегенді білдіреді.