10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жақсылық пен жамандық

Жақсылық пен жамандық

Сұрақ: Бірдей күнәны немесе бірдей жақсылықты екі бөлек адам істесе, күнә мен сауап тұрғысынан екеуінің алатыны екі түрлі болуы мүмкін бе?

Жауап: Иә, болуы мүмкін. Мысалы, бір жақсылықты Асхаби кирам істесе, оларға таулар сияқты сауап беріледі. Ықыласы көп болғанға көбірек сауап беріледі. Жақсылық, әсемдік әрдайым жақсы болады. Бірақ кейбір адамдарда болса жақсырақ, әсемірек болады. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Жақсы қасиеттер кейбір кісілерге басқаларға қарағанда көбірек жарасады: мысалы әділет жақсы, бірақ ол бастықта болса, одан да жақсырақ. Жомарттық жақсы, бірақ байда болса одан да жақсырақ. Уәра ғалымда, сабыр кедейде, тәубе жастарда болса, басқаларға қарағанда жақсырақ көрінеді. Ар-ұят жақсы, бірақ ол әйелде болса жақсырақ.» (Дәйләми)

Жамандық, күнә тірліктер де әрдайым жаман. Бірақ кейбір адамдарда бәрінен жаманырақ көрінеді. Біреу бізге жамандық жасаса ренжиміз, бірақ көп жақсылығымыз тиген адамымыз жамандық жасаса, қаттырақ ренжиміз. Кәпір, күпіршілік қылса қалыптан тыс болып көрінбейді. Бірақ бір мұсылман кәпір болса, жаманырақ болады. Сол үшін мүртәдтің жазасы кәпірдің жазасынан ауырырақ болады.

Зина өте жиіркенішті үлкен күнә. Бірақ оған ұрынған адам зинаны өз жақындарымен істесе, одан да жаманырақ және үлкенірек күнә болады. Орны да маңызды. Жасырын жерде істеуге қарағанда ашық жерде істеу жаманырақ. Бұл жамандықты мешітте немесе Қағбада істеу одан сайын үлкенірек күнә болады.

Өтірік айту да жаман. Бірақ бұны жай адам айтса басқа, өкілетті өкімет адамының халыққа зиян болатындай етіп өтірік айтуы әрине үлкенірек күнә болады. Тәкәппарлану – үлкен күнә. Бірақ кедейдің тәкәппарлануы бәрінен жаманырақ көрінеді. Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Қиямет күні мына үш адамға Аллаһу та’ала рахмет назарымен қарамайды және ауыр азапқа душар қылады:

1) Зина істеген қарт адам,

2) Өтірік айтқан басқарушы,

3) Тәкәппарланған кедей.» (Мүслим, Тирмизи, Нәсаи)