19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Қарауы ғибрат, сөзі хикмет болған адам

Қарауы ғибрат, сөзі хикмет болған адам

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әлем өте нәзік есептермен жаратылған. Яғни Аллаһу та'аланың әрбір ісінде хикметтер бар. Әр бұйрығында хикметтер жасырынған болып, әр жаратылыста сабақ алатындай ғибраттар бар. Осы себептен пайғамбарымыз: «Мұсылманның қарауы ғибрат, сөйлеуі хикмет, үндемеуі тәфәккур болады» деген. Олай болса, біз де сөздерімізді, жағдайларымызды, әрекеттерімізді есебін бере алатындай түрде реттеуіміз керек. Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Ақылды адам зергер сияқты. Әр ісі, әр әрекеті зергердің витринадағы алтын мен оның түрлері сияқты болады.»

Ақылды адам кездейсоқ кітапты оқи бермейді, Әһли сүннет ғалымдарының алтын сияқты құнды кітаптарын оқиды. Бәрі істеп жатыр деп қалағанын істемейді, құнды істер жасайды. Әркіммен емес, құнды адамдармен көріседі.

Тағы да Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Көптеген адамдар жүкші сияқты, қатты шаршайды, қатты жүдейді, бірақ аз табады. Өте аз адамдар зергер сияқты, аз жұмыс істейді, бірақ көп табады.»

Демек, адамға аз немесе көп табыс әкелетін нәрсе – көп жұмыс істеп, қатты шаршау емес, жұмыстың мәні, өзегі және ықыласпен орындалуы.

Олай болса, біздің де Аллаһу та'аланың алдында үлкен табысқа жетуіміз Ол разы болған істермен айналысуымызға және Оның сүйікті адамдарымен бірге болуымызға байланысты.

Егер Әһли сүннет ғалымдары білдірген сенімге ие болып, көрсеткен жолдарында жүретін болсақ, шаршамастан, ұшақпен бір жерден екінші жерге жеткендей, қиналмастан, оңай және рахат мақсатқа, яғни Аллаһу та'аланың разылығына қол жеткіземіз. Өйткені ғалымдардың жолы – зергердің жолы сияқты.

 

Табысқа жетудің жолы

Әһли сүннет ғалымдарына мойынсұнуды өміріміздің капиталы қылуымыз керек. Егер осы ғалымдарға бағынып, олар білдірген негіздерге жүгінетін болсақ, бұл өмір капиталымызды құнды қылады және үлкен табыстарға қол жеткіземіз. Нәтижеде Аллаһу та'аланың разылығын алып, жәннатқа кіреміз. Бірақ бұл өмір капиталын Аллаһу та'аланың разы болмаған жерлерінде қолданып бос жіберсек, зиянға ұшыраймыз және соңында зиянға ұшырғандардың баратын жеріне, яғни тозаққа кетеміз.