19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Құран кәрімді түсінгісі келгендер

Құран кәрімді түсінгісі келгендер

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Жамағатта (бірлікте) мейірім, бөлінуде илаһи азап бар» деген. Мұсылмандардың басына не келсе де, бәрі бір-бірімізден кемшілік, айып табудан туындауда. Құран кәрімде: «Аллаһтың дініне жабысыңдар, бөлінбеңдер» делінген. Мұсылмандар бір дене сияқты. Бір адамның қолын, аяғын кессеңіз, көзін шығарсаңыз, құлағын кессеңіз, ол қалыпты адам болмай қалады. Бөлінген мүшелері де қысқа уақыт ішінде шіріп, ештеңеге жарамай қалады. Бұдан былай ажыраған мүшелерде де, денеде де қайыр қалмайды.

Хадис шәрифте: «Адамдардың қайырлысы – Құран кәрім үйренген және үйреткен адам» делінеді. Бұл Құран кәрімнің тікелей өзі болуымен қатар, ішіндегі әмірлер мен тыйымдар да деген сөз. Адамдардың қайырлысы – Құран кәрімнің ілімдерін білген және сол ілімді жайған адам. Дұрыс жазылған бір илмихал кітапты жаю – Құран кәрімдегі білімдерді жаю болып саналады. (Осы себептен Әһли сүннет ғалымдарының еңбектерінен алынып әзірленген Сә'адәти Әбәдийа кітабын оқу керек.)

Дін – Құран кәрім, хадис шәрифтер және бұлардың түсіндірмесі деген сөз. Құран кәрімге дейін ұласпайтын және оның қайнар көзімен шықпайтын үкім дін болмайды. Өйткені, ол діннің негізі. Олай болса, Құран кәрімді түсінгісі келгендер илмихал оқу керек, яғни дінін үйренуі керек. Әйтпесе, не қате айтқан кісінің кесірінен, не өзінің көзқарасы кесірінен бір сөзіне қате сенген болса, діннен шығады. Себебі, Құран кәрім – Аллаһтың сөзі. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Құран кәрімді өз түсінгені бойынша тәпсірлеген адам кәпір болады» деген. Осындай бір аударманы, тәфсирді, жазбаны оқып, қабыл еткен адам да кәпір болады.

Діннің негізі – нақыл ету, яғни «Мен мүршид-и кәміл (жетілген ғалым) болған ұстазымнан естідім, сендерге естігенімді жеткізіп жатырмын» деп айту деген сөз. Ұстазы да дәл осылай өз ұстазынан үйренгенін білдіреді. Оның да ұстазы осылай айтып, шежіремен сүйікті пайғамбарымызға дейін ұласады. Өйткені мұның қайнары сол жақта, бұл мүбәрәк «су» сол жақтан шықты. Кейін таза тоғаннан қалаға су тарағанындай, ол қайнардан таралған су бізге дейін жетіп келген. Мұны еш бұзбастан, бұздырмастан, ішіне сырттан ештеңе араластырмастан, араластыруға да ешкімге мұрша берместен тек қана Әһли сүннет ғалымдары жеткізген. Өкінішке орай, басқалары өз көзқарастарына қарай бір нәрселер қосқан немесе шығарып тастаған.