19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Күпір пәлекетінен құтылу үшін

Күпір пәлекетінен құтылу үшін

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Адам бұл дүниеде қалу үшін емес, әрекет ету, жұмыс істеу, яғни ғибадат жасау үшін жаратылды. Жұмыс істеуіміз керек! Жұмыс істеп, табысқа жетіп, қайтыс болған адам үшін қорқатын ештеңе жоқ. Тіпті осылай қайтыс болу – үлкен ниғмет. Өлім – көпір сияқты. Ол сүйіктіні сүйіктіге қауыштырады. Өлім – пәлекет емес, өлгеннен кейін басына келетін нәрселерді білмеу – пәлекет.»

Бұрында адамдар күнәларының жайылып кетуінен қорқып, қайғыратын еді және мұның алдын алатын еді. Ал қазір күпір, яғни имансыздық бой көтеріп кетіп бара жатыр. Барлық жерде күпірдің иісі жайылып кетті. Бұдан қорғанудың жолы – Әһли сүннет ғалымдарын жақсы көретін және олардың кітаптарын оқитын салихтармен бірге болу. Басқа жолдармен қорғану мүмкін емес дерлік, өте қиын. Бір жерге жиналып, кітаптарымызды оқуымыз керек, сұхбаттың мақсаты да осы. Басқа ешқандай мақсат жоқ.

Әһли сүннет ғалымдарының кітаптары оқылып жатыр, жайылып жатыр және барлық жаққа таратылып жатыр. Бұл қызметтерді ешкім қошемет алу үшін жасап жатқан жоқ, ақша немесе басқа да заттық пайда күтпейді. Тек Аллаһ разылығы үшін және ғалымдарымыздың әмірін орындау үшін жасап жатыр. Онсыз да әулиелердің сүйіспеншілігіне, разылығына қауышқан адам Аллаһу та'аланың разылығына қауышады.

Айналадағы көптеген қиыншылықтардың арасында, адамдар дүниелік үшін бір-бірін құлатқан, бір-бірін ренжіткен, бұзылған заманда өмір сүріп жатырмыз. Дінімізге, ғалымдарға және кітаптарына қатысты болса да, ешкіммен түбегейлі сөз тартысуға кіріспеу керек, оларға тіл тигізгендердің сөздерінен, жазбаларынан ұзақ тұру керек. Осындай бір сөзталастың ішіне кірсек, жүрегімізге қараңғылық толады. Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттерінің «Ешкіммен сөз тартыспаңдар» деген өсиетіне бағынбаған боламыз. Біздің дертіміз өз басымыздан бір нәрсе үйрету, түсіндіру емес. Ондай міндетіміз де жоқ. Бізге бір нәрсе айтқандарға «Мен ғалымдардың кітаптарын оқимын, ұстазыма бағыныштымын, ал сен мына кітапты ал» деп кітап беріп жауап береміз. Алса алады, алмаса қояды.

Бұл іс – нәсіп мәселесі. Ешкімнің қолында емес. Аллаһу та'ала таңдаған, сүйікті пайғамбарымыздың мирасқоры болған үлкен ғалымдарды бізге танытқан, жақсы көргізген. Мешіттерде, сұхбаттарда бірге жиналуды нәсіп еткен. Бұл ниғметтер – қадірліліктің ең шыңы. Бұл ниғметтерді қадірлілік деп санамай, қадірлілікті басқа жерден іздеу – рахметсіздік және қадірсіздік болады.

Адамның нәпсі өте тұрақсыз, араға ақша кірсе немесе бір қиындық туындаса, шайқалады. Әрдайым сабыр ету керек, дінімізден және әулиелерге деген сүйіспеншіліктен мүлдем ажырамауымыз керек.