Қажылықтың әдептері
мыналар:
1-
Қажылыққа бару үшін
діні және ілімі жағынан сенімді болған салих адамдармен истишара ету (кеңесу)
керек.
2-
Әсіресе қажылыққа бару
кезінде риядан (көрсету, мақтану) сақтануға тырысу керек.
3-
Қарыздары, құл ақылары
бар болса, өтеп олардың разылығын алуы (халалдасуы) керек.
4-
Достарының,
таныстарының разылығын алып (халалдасып) олардың дұғаларын сұрау керек.
5-
Араздасқан, ренжіскен
мұсылман бар болса, достасу керек.
6-
Бір нәрсені біреу
көрсін, біреу естісін деп жасаудан, мақтанудан сақтану керек.
7-
Қажылыққа күмәнды
болмаған, толығымен халал болған ақшамен бару керек.
8-
Қажылыққа барарда дін
және дүниелік істерде көмекші болатын достар табу керек.
9-
Жанұясының нафақасын
кемшіліксіз (толығымен) қамтамасыз етіп кетуі қажет
10-
Әсіресе қажылық
жолында Аллаһу та’аладан қатты қорқу керек.
11-
Аллаһу та’аланың
есімін көп зікір ету керек.
12-
Ашуланбауға мән беру
керек, байсалды болуға тырысу керек.
13-
Қажетсіз сөздерді және
бос нәрселерді тәрк етуге тырысу керек.
14-
Қажылыққа тән болған
мәселелерді жақсы үйрену керек.
15-
Қажылық кезінде
сауда-саттық жасаудан, сатып алудан ұзақ болуға тырысу керек.
16-
Жолға бейсенбі күні
шыға алмаса, дүйсенбі күні шығу керек.
17-
Үнемі дәретті жүруге
тырысу керек.
18-
Үйінен шықпастан бұрын
екі рәкат нәпіл намаз оқу керек.
19-
Қажылық немесе умрадан
қайтқанда екі рәкат нәпіл намаз оқу керек.
(қазасы бар болғандар
қазасын оқу керек.) Хазреті Сәйид Абдулхаким былай бұйырған:
1-
Харам мешітіне кірерде
садақа беру керек. (Мүмкін болса әр бір көрген кедейге беру керек.)
2-
Сафа және Мәруа
төбелерінің ортасына дейін шығу керек.
3-
Расулуллаһ саллаллаһу
алейһи уасалламға сәлем беру реті мынадай болу керек:
Әссаламу алейкә иа
Расулаллаһ
Әссаламу алейкә иа
Нәбиаллаһ
Әссаламу алейкә иа
Хабибаллаһ