1-
Құрбандық малды соятын
жерге сүйретіп апару, себепсіз жәбірлеу.
2-
Пышақты малды
жатқызғаннан кейін қайрау және біреуін екіншісінің көз алдында сою мәкрух болады.
3-
Денесі суи бастамай
тұрып, яғни тыпыршуы тоқтамай тұрып басын кесіп алу мәкрух болады.
4-
Мал толығымен өліп
тыпыршуы тоқтамай тұрып жұлынын кесіп басын алып тастау және терісін сыпыра
бастау мәкрух болады.
5-
Қамыс, тас секілді өткір заттармен сою, өтпес пышақпен союға тырысу
мәкрух болады.
6-
Туатын кезі жақын
қалған малды сою мәкрух болады.
7-
Ұрланған, тартып
алынған пышақпен сою мәкрух болады.