Намаз оқу ақыл-есі
дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір ер және әйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз
болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек:
1.
Мұсылман болу
тиіс.
2.
Ақылды болу
тиіс.
3.
Балиғат
жасына толу
тиіс.
Дiнiмізде
ақыл-есi
толмаған,
балиғат
жасына
жетпеген балалар намаз
оқуы
мiндеттi
емес. Алайда, ата-аналар балаларына дiни
тыйымдар
мен ғибадаттарды әдеттендіруі
тиiс.
Пайғамбарымыз бұл тұрғыда былай деген: «Әрбіріңіз
бiр
отардың шопаны сияқтысыз.
Шопан отарын қорғағаны
сияқты,
сіздер
де жанұяңыздағы
және қол астыңыздағы жандарды тозақтан сақтауға тиiссiздер.
Оларға мұсылмандықтың
шарттарын үйретулерiңіз
керек. Үйретпесеңіз
жауапқа тартыласыздар.»
Тағы бiр
хадисте: «Дүниеге келген әрбiр
сәби мұсылмандыққа
икемді болып туылады. Оны кейiннен
ата-аналары христиан, яһуди немесе дiнсiз қылады.»-
деген.
Олай болса, әрбiр
мұсылманның ең басты мiндетi
балаларына Құран Кәрiм
мен исламның шарттарын үйрету. Баласының мұсылман болуын, бұл
дүние мен ахыретте бақытқа кенелуiн
қалаған
ата-ана алдымен
осы мiндетiн
орындауы керек. Өйткенi,
ағаш жас
кезiнде
егіледі.
Ислами
iлiм
мен әдептен бейхабар өскен бала жаман жолдағы адамдарға тез алданады. Осылайша
ата-анасына,
еліне, халқына және ұлтына лағынет келтіретін бұзақы
адам болып шыға келедi..